Адам миының салмағы қанша? - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Адам миының салмағы қанша?
[ ] 19.04.2010, 16:08

Адам миының салмағы қанша?

Ғалымдар осыдан 100 жыл бұрын адам­ның миының салмағына қарай оның ин­тел­лектуальдық таным биігі де жоғары болады деген тоқтамға келген болатын.

Жалпы адам миының орташа салмағы – 1400 грамды құрайды. Ал, кейбір ғұламалардың миы бұл көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болып отыр. Мәселен, неміс математигі Гауестың миы­ның салмағы – 2400 грамды құ­раса, Кромвельдікі – 2300 грамм, Байрондыкі – 2228 грамм, Тургеневтің миы – 2012 грамм, Бисмарктың миы – 1965 грамм, Есениндікі – 1920 грамм, Шиллердікі – 1785 грамм, Бетховеннің миы – 1750 грамм, Канттың миы – 1600 грамм, Менделеевтің миы – 1571 грамм, Троцкийдікі – 1568 грамм, Станиславскийдің миының салмағы – 1505 грамм, Лениндікі небәрі – 1340 грамм болыпты.

Осыдан кейін адамның интеллектілігін мидың салмағының өлшемімен бағалау тәжірибесі күн тәртібінен алынып тасталыпты. Бұл тұжырымға бірінші болып американдықтар қарсы шыққан. Оған себеп болған, американың ұлттық данышпаны, ақын Уолт Уитменнің миының салмағы не­бәрі – 1256 грамм болыпты. Одан кейін француздар өздерінің атақты жазушысы Анатол Франц­тың миының салмағының 1017 грамм болғандығын алға тартып, оны қалайша ақылы аздау адам қатарына жатқызу керектігін айтып, дау туғызған.

Адам миын зерттеуші ғы­лым­ның теориясы бойынша ең ауыр салмақты – 2850 грамм мидың иесі ғалым емес, қара­пайым бір нақұрыс болғаны жо­ғарыдағы миға қатысты адам интеллектілігінің қалыптасуы жө­ніндегі ғылыми байламды жоққа шығарады.

Жалпы, жекелеген кейбір адамдардың миының өзге­лерден айырмашылығы бары анықталып отыр. Тіпті, әрбір құр­лықта тұратын адамдардың миы­ның салмақтарында да айыр­машылықтар бар. Мыса­лы, африкалық негрлердің миы­ның салмағы – 1316 грамм тұрса, еуропалықтардың миының орташа салмағы – 1361 грамм тұ­рады екен. Олардың ішінде: немістердікі – 1291 грамм, швейцариялықтардікі – 1327 грамм, орыстар мен украина­лықтардыкі – 1377 грамм болып шыққан.

Ал жер бетіндегі ең ақылды ұлт деп жүрген жапондардың миының салмағы – 1374 грамм болса, буряттардың миының сал­мағы – 1508 граммға жеткен. Осыған қарап отырып, өзіңіз бір байлам жасай беріңіз.

Кеңес өкіметі тарағанға дейін Мәскеуде құпия түрдегі адам миын зерттейтін институт жұмыс істеп келді. Бұл құпия мекеме 1920 жылы Сталиннің өкімімен ашылып, оған ұлы тұлғалар дү­ниеден өтісімен олардың милары өткізіліп тұрған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл орталықта 300-ден астам адамның миы орналастырылған. Олардың ішінде Лениннің, Ми­чуриннің, Горькийдің, Сталиннің, Калининнің, Маяковскийдің, Лан­даудың милары сақталған. Күн көсемнің бас миының қыртысы өзге милармен салыстырғанда, ерекше қатпарлардан тұрған көрінеді. Мұндай милар әдетте есте сақтау қабілеттері мен шешендік дарыны бар адамдарда болады екен. Мәселен, Ленин өзінің мақалаларында өте көп сөзді, 136 мың  сөзді қолданғаны зерттеу амалдары  көрсетіп берген. Сол сияқты Лев Толстой «Соғыс және бейбітшілік» романында 16 мың, ал Ги де Мопассан 3,5 мың сөзді қолданғаны белгілі.

Жақында атақты физик Альберт Эйнштейннің миының қара­пайым адамдікінен өзгешелігі анықталды. Атақты физиктің желке тұсындағы ми қыртыстарының айрықша дамығаны белгілі болды. Зерттеу амалдары бойынша, ғұлама миының қатпарлар жасушасы жақсы дамыған. Оны көптеген ғалым ассоциациялық ойлау қабілеті мықтылығының көрінісі деп біледі. Данышпанның шүйде тұсында ерекше ойықтар мен «әуендік түйін» атты том­пақшалар қалыптасқан көрі­не­ді. Сондай-ақ, атақты физик миының қозғалтқыш қабығының құрылымы да шамадан тыс дамыған көрінеді. Бұл Эйнш­тейннің әуенге де қабілетті болғанын көрсетеді. Бұл болжамдар антропологтардың Эйнштейн миының 240 тұсын кесіп алып, микроскопиялық зерттеулер жүргізу арқылы анықталған.

Адам организмінде ми – ең басты міндет атқаратыны белгілі. Адам өлгенде де оның ең маңызды критерийі ретінде ми­дың қызметін тоқтатуымен саналады. Әйтсе де осы маңызды органсыз өмір сүрушілер бол­ғандығы анықталып отыр.

1888 жылы Нью-Йоркте те­ңіз матросының жарты шекесін кеме тросы жұлып әкетіп, мисыз қалғаны, оның одан кейін де 26 жыл өмір сүріп, аяқ-қолының жұмыс істемей қалуынан қайтыс болғандығы айтылған.

1935 жылы сол Нью-Йоркте тіпті басында 1 грамм миы жоқ сәби дүниеге келіп, 27 күннен кейін шетінеп кеткен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ғалымдар әлі күнге дейін мисыз бастың да, миы көп бастың да құпиясын аша алмай келеді.

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 3260 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/3 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz