Адам есіміне тағдыры жасырылған ба? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Файлы » Мои файлы

Адам есіміне тағдыры жасырылған ба? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 08:14

Адам есіміне тағдыры жасырылған ба?

Ойшылдардың есебінше, адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыстырып тұрған құпия байланыс бар. Анығы – кісінің есіміне оның тағдыры жасырылған. Яғни есімнің құпиясы мен мағынасы адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Мұны адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы растап отыр.

Тарихта атын, ныспысын өз­герту арқылы өз өмірінің ар­насын мүлдем басқа бағытқа бұрғандар көп. Алысқа бар­май-ақ, Әбілмансұрдың Абы­лай хан атанғанын алайық. Атақты хан арғы атасы қан­ішер Абылайдың атын жекпе-жекте ұран еткен соң-ақ өмірі басқа бағытқа бұрылып, Абы­лай атымен тарихта қалды. Бір хадисте Мұхаммед Пайғам­бар­ға өмірде жолы болмай, қырсық шала берген бір сахаба шағынған соң, Алланың Расу­лы оған «есіміңді өзгерт» дегені айтылады. Сол сияқты кейбір есімдер бар көңілге күдік-кү­ман ұялататын. Содан ба екен, жамбылдық журналист-жазу­шы Бақтияр Әбілда өз есімін бүгінде «Бақытяр» деп жазып жүр.

Шариғат заңы бойынша, нә­ресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құ­­лағына қайталанады. Діни пікірлер бойынша, азан шақы­рып қойылмаған есімдер ақыр­за­манда өз рухын, тәнін іздеп қиналысқа түсетін көрінеді-мыс.

Пайғамбарымыз «балала­ры­ңызға көркем есімдер қойы­ңыз­дар» деп үйреткен. Десек те, қазақ арасында ертеректе көз тимесін деген ырыммен қойыл­ған Шұлғаубай, Итем­ген деген сиықсыз аттар ара-тұра болса да кездеседі. Қоңы­рат тайпасының ішінде Сасық, Көтен деген де рулар бар. Олар да кезінде адам аттары бол­ған. Бүгінде бүтіндей бір ру­дың атын иемденгеніне қара­ған­да, ырымның да қырын кет­пегені ғой. Есімді беталды өз­гертуге шариғат қарсы. Дін­дар­лар Алдаберген, Тәңір­бер­ген, Құдайберген деген ислами есімдерге қайшы келетін Ай­берген, Күнберген сияқты, бол­маса Тәңірқұл, Құдайқұлға қарсы «пәленнің құлы», «түген­нің құлы» деген Алладан өз­ге­нің «құлы» деген есімдерді өз­гер­туге болатынын айтады.

«Адам есімінде оның тағ­дыры жасырылған» деген пі­кір­ді растау үшін оқымыстылар зерт­тей келіп, көптеген қоры­тындыға келген. Соның бірі, мәселен, Қайрат есімді ерлер­дің көбіне денсаулықтары мық­ты, белсенді және алаяқтыққа біртабан жақын болса, Рашид есімді жігіттер әр қадамын ұсақ-түйегіне дейін ойлас­ты­рып, есеппен басатын, қулау, әйелқұмар болып келеді екен. Әділ есімді жігіттер таби­ға­тынан сақ, достыққа адал, тез сүйіп қалғанмен қыдырымпаз­дық­­қа жоқ болса, Мұхтарлар алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын, іскерлік қа­сиеті мол, кез келген тығы­рық­тан шыға алатын жандар болып келеді екен. Серік есімді жігіттер бақытты болып туса, Қуаныштар – өз беттерімен өмір сүруден қатты қорқатын, өмірдің бәрі мәңгілік қуаныш, күлкі, той болса екен деп тұ­ратындар.

Ал Мақпал есімді қыздар­дың бойында артистік қасиет басым, энергиясы мол, толық­тық­қа бейім болып келетіні дә­лелденген. Рас та шығар, бұл бағалау біз білетін әнші Мақ­пал Жүнісоваға біршама дәл ке­летін сияқты. Ал Гүлнәр есім­ді қыздардың құлағы сақ, қимылы ширақ, жігіттермен тез тіл табысатыны, соңынан жүгірушілердің көп болатыны, бірақ некеге адал және шы­дам­ды келетіні анықталған. Гүл­банулар болса – пысық, жі­гер­лі, күйеулерін қатаң түрде қысып ұстайтындар...
Жұрттың есімінің соңы бұрындары көбінесе «бек», «хан», «сұлтан», «бай» болып ке­летін. «Құлмен» бітсе, қоры­на­тын. Енді ортамызға діннің оралуына байланысты, Құл Қожа Ахмет Йассауиді үлгі тұ­татындар көбейіп келеді. Мәселен, ақын Құл Керім Еле­мес дегендей. Армангүл, Пер­де­гүл, Күлпаш деген қыз атта­ры бүгінде сирек кездеседі, есе­сіне қаптаған Айнұр, Динара, Әсел, Аидалар... Қаптаған Ма­рат, Нұрлан, Болаттар... Мұ­сыл­мандар баласына Мұхам­мед деген ұлық есімді қоюдан қорқасоқтайды. Ауырлық әкеледі деп сенеді. Бұл түсінікті де. Ондай есімді баланы рен­жі­туге болмайды. Ұлық есімді балалар көбінесе өзіне сенім­сіз, тұйық болып өседі екен. Де­­генмен осы ұлық есімді ал­ған Дінмұхаммед Қонаев, әйгілі боксшы Мұхаммед Әли әлемге та­нымал. Сол сияқты бү­гінде ырым­шыл қазақ қы­зына –Са­ғыныш, баласына – Төлеген деп ат қой­майды. Ал­дыңғысы түсінікті. «Қыз Жі­бектегі» ер Төлеген, батыр Тө­леген Тоқта­ров, ақын Тө­леген Айбергенов отызға жет­пей опат болғанын ескер­сек, Төле­ген есімінен тартыну­дың ұшы­ғы сонда жатқандай.
«Талбесіктен жербесікке дейінгі адам өмірі санға тәуел­ді» дейді нумерология ғылымы. Шынымен де, сандардың ма­гиясы бар ма, әр адамның сан­дық коды оның тағдырына бел­гілі бір дәрежеде әсер ете ме? Теоретиктер адам өзге елге қоныс аударса немесе біржола өзге тілге көшсе, есімінің ма­ғынасы, соған сай мінезі мен тағ­дыры өзгеріске түсетінін айтады. Сондай-ақ адам есі­мін­дегі әрбір әріптің өзіндік құпия мән-мағынасы бар. Оны төменнен оқуыңызға болады.

Есімдегі әріптердің мән-мағынасы

А-Ә – күш, билік, салта­нат; Б – биік сезімге бейім­ділік, тұрақтылық; В – тұрақ­сыз­дық, жүйеліліктің жоқ­ты­ғы; Г – құпиялылық, бол­ма­шыға мән берушілік, тиянақты­лық; Д – көпшілдік, ақжар­қын­дық, кінәмшілдік; Е – өмір сүруге бейімділік, сөзге құмар­лық; Ж – өзіне деген сенім­сіз­дік, маңыздылық, ішкі сырына беріктік; З – материалдық тұр­ғыдан қанағаттанбау­шы­лық, жоғары сезімталдық; И – нәзік руханилық, әсерленгіш, бейбіт­шіл; К-Қ – төзімділік, күйге­лек­тік; Л – әртістік, ұсақшылдық, қисын, әр нәрсені ойлап табу­шы­лық; М – қамқоршылдық, ұялшақтық, еңбексүйгіштік; Н – шығармашылық амбиция, денсаулыққа мән берушілік, ал­ғыр ой; О – ерекше сезім­тал­дық, құпия толғаныс; П – қарапайымдылық, жалғыздық, идеяның молдығы, сыртқы тү­рі­не мән беру; Р – өзіне деген сенімділік, үнемі шиыршық ату; С – билікке құмарту­шы­лық, кінәмшілдік; Т – идеал із­деушілік, сезімтал шығарма­шы­­лық тұлға; У – жаралан­ғыш, үркектік, ..., интуиция; Ф – жұмсақтық; Х – сексуаль­дық проблема, заңға бағын­ғыш­­тық, сезімнің екіұ­дай­лы­ғы; Ш – қызғаншақтық, әзіл­қойлық; Ы – іспен көрінушілік; Я – өз орнын бағалай білуші­лік, зиялылық, шығармашы­лық бейімділік.
Сондай-ақ есімдері түрлі әріп­тен басталатын ерлі-за­йыптылар, бір әріптен баста­ла­тын жұбайларға қарағанда бақытты өмір сүреді делінеді.

Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес болады. Ал әрбір санға Күн жүйесіндегі белгілі бір планета ықпал етеді. Сіз өз есіміңіздің қай планетамен байланысты екендігін, оның мінезіңіз бен тағдырыңызға қаншалықты әсерін білу үшін тым болмаса атыңыздың бастапқы әрпінің сәйкес санын біліп алуыңызға болады.

А-Ә - 1, Б – 2, В – 6, Ғ-Г – 3, Д – 4, Е – 5, Ж – 2, З – 7, И – 1, К-Қ – 2, Л – 2, М – 4, Н – 5, О-Ө - 7, П – 8, Р – 2, С – 3, Т – 4, У-Ұ-Ү – 6, Ф – 6, Х – 5, Ш – 2, Ы-І – 1, Ю – 7, Я – 2.

1. Күн: көсем, тәкаппар, ас­тамшыл. 2. Ай: сезімтал, шы­ғар­машылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты. 3. Юпитер: кеңпейіл, оптимист, тілтапқыш, идеалист. 4. Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұ­мысқа тиянақты, адамдар­мен тез достасады. 5. Мер­курий: көпшіл, епті, бастама­шыл, сыншыл, мойымаушы­лық. 6. Шолпан: сезімтал, сүй­кімді, тәкаппар, іскер, жолы бол­ғыш. 7. Нептун: жұмсақ­тық, сезімтал, ымырашыл, қа­йырымды, философ. 8. Са­турн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім артуға болады. 9. Марс: қайратты, қыз­ба, басынан сөз асырмай­ды, қысымға төзбейді, өзімшіл, тек өзіне сенеді.

Төреғали ТӘШЕНОВ

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 45711 | Загрузок: 0 | Комментарии: 25 | Рейтинг: 4.3/37 |
Всего комментариев: 161 2 »
16  
Ұлпан есiмiнiн мағынасы бар ма?

15  
shugyla esymynyn msgynasy kandai

14  
Klassnaya gruppa

13  
murat.erbolov.01

12  
Гүларша есімінің мағынасы қалай?

11  
Сандугаш деген есім нені білдіреді

10  
Мамалюк деген есім нені білдіреді???

9  
Нұршай деген есімнің мағынасын айтып берсеңіздер екен!!!!

8  
Талап есимінің мағынасы калай айтынызшы, Рахмет!

7  
есімімнің мағынасын айтыңызшы

1-10 11-16
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz