Ақылды мен ақымақ туралы афоризмдер немесе афонаризмдер - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Ақылды мен ақымақ туралы афоризмдер немесе афонаризмдер
[ ] 27.05.2012, 18:03

Ақылды-ақымақ туралы афоризмдер

Ақымақтарды көргің келмесе айнаға неге қарайсың?!

Ең танымал жағдай – ақымақ болу.

Сен жалғыз емессің, дүниеде ақымақтар толып жатыр.

Ақымақтар мен бастықтарға ештеңе айтуға болмайды: біріншілері – тыңдайды, бірақ түсінбейді, екіншілері – түсінеді, бірақ тыңдамайды.

Ми бәрінде бар, бірақ көбісі қалай пайдалану туралы нұсқауын оқымаған.

Соншалықты ақылды болуға тырысатындай, оншалықты ақымақ емессің ғой.

Сіздің көмегіңізсіз ақылдан адасу қиындау шығар.

Естілікке қойылатын талап жоғары ма, жоқ есі кемдер шынында да көп пе?

Ақымақтың да өзіндік ойы бар, тек қисыны келе бермейді.

Даналық көп адамның үйіне соғады, тек көбісін одан таба алмайды.

Ақылды сөздермен айтылған ақымақтық ғылыми ақымақтыққа жатады.

Ақымақпен айтысқанда ақылды болып көріну қиындау.

Сөзіңізге қарағанда, ақымақ болмасаңыз да, ақымақтыққа жиі ұрынады екенсіз.

Ақылы жоқтық ақысы жоқтықты білдіре бермейді.

Ақымақтығыңыз болмаса, денсаулығыңыз мықты сияқты.

Ақылды білгенінің жартысын да айтпайды, ал ақымақ айтқанының жартысын да білмейді.

Тек ақылды адам ғана ақымақтық жағдайға кез болады, себебі ақымақ өмір бойы сонда жүр.

Ақымақ құрбыңның қасында ақылды болып көріну қандай тамаша!

Ақылдының тапқанынан табары көп.

Адамға ақымақсың деп айтпа, қайта одан қарыз сұра.

Өмірдің іргетасы адамның ақыл-ой деңгейіне қарап қаланады.

Әркім түсінгенін ғана естиді.

Ақымақпен айтысқаннан кейін ғана, өзіңнің қаншалықты ақымақ екендігіңді нақты білесің.

Интернет жалғыздық мәселесін шешіп берді, енді кез келген ақымақ өзі сияқты ақымақпен әңгімелесе алады.

Ақымақтарсыз өмір сүргісі келу де жаппай қырып-жоюға талпыныстың бір түрі.

Қазір ақымақтарды «гуманитарлық ақыл-ойлы адамдар» деп атайды.

Тегін жұмыс жасайтын ақымақ жоқ. Бірақ рахметке бола жалданатындары табылып қалады.

Сарапшы – бәрін білетін, сондықтан ойланбайтын адам.

Өз ақылы болмағанмен, өзгенің ақылын бағалай алатындар өз ақылы болғанымен, өзгенің ақылын бағалай алмайтындарға қарағанда ақылдырақ.

Ақымақ боп туылған ештеңе емес, ақымақ боп өлмесе.

Басқа жол қалмаған кезде ғана адамдар саналы әрекет етеді.

Алдымен ақылды бол, қол боста ғалым бола жатарсың.

Ақымақ мені адамдар білмейді деп шағынады, ақылды мен адамдарды білмеймін деп өкінеді.

Ақылды қолынан келгенін, ақымақ қолда барын сатады.

Қартайған адам жалқаулығын да даналық деп атайды.

Кез келген ессіздіктің де өз қисыны бар.

Есекті жолбарыс терісін жамылса да, дауысынан танисың.

Сіздің аузыңыз үндемеуге лайық екен.

Директор болған жақсы, бірақ ол ақылыңа ақыл қоспайды.

Атақты ақымақ болғанша, танылмаған талант болған жақсы.

Ақыл көп болған сайын, батылдық азая береді.

Ақшаның аздығын ақылдың көптігі толтыра ала ма?

Білімді ақымақтарға да оңай емес: үнемі ақылды болып көріну керек қой.

Көп білген дана емес, негізгісін білген – дана.

Сұрғылт сұйықтың көмегімен сұрқай өмірді өзгертуге болады.

Ақылдылықты көрсету сияқты, ақымақтықты жасыру да қиын.

Көзіңізді жұмып алып, айналаның бәрі қараңғы екен демеңіз.

Егер сізді бәрі ақымақ деп санайтын болса, кейбіреуі дұрыс болуы мүмкін.

Ойларымды жинай алмай жүрмін: біресе олар бос емес, біресе мен бос емеспін.

Демократия кезінде ақымақтар дауыс бере алады, ал диктатура кезінде олар басқара да алады.

Күмәні бар адам ғана өзінің ақымақ емес екені туралы жиі айтады.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 2585 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz