Ақша қайтсе көбейеді? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3911
Главная » Файлы » Мои файлы

Ақша қайтсе көбейеді? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 07:22

Ақша қайтсе көбейеді?

Мамандар ақшаны көбейтуге игі ықпал жасайтын мынандай жолдарды ұсынады:
1. Ең алдымен өзіңе қажетті қаржыны анықтап алып, таңертең ұйқыдан оянысымен бар ынта-ықыласыңмен, көзіңді қайта жұмып алған қалпыңызда «Мен әуелі соншама, сосын одан да көп ақшаны иеленгім келеді» деп дауыстап айтыңыз. Егерде бірнеше жылдан соң туған күніңізге дейін белгілі бір мөлшерде қаражат жинап, өз бизнесіңізді жүргізгіңіз келсе: «Өзімнің ... жылғы туған күніме дейін менің қолымда соншама қаржы болуға тиіс. Сол ақшаны жиып алған соң өз бизнесімді шебер ұйымдастыратын боламын» дегендей сөздерді айтып, соған талаптану қажет.

Жаңағы сөздерден кейін әрбір адам осыншама ақшамен не істейтінін, оны табу үшін қандай іс-қимыл жасайтынын айтып, «қазірдің өзінде сол ақшаны қиялымда көріп, ұстайтындай болып тұрмын» деуге тиіс.

2. Осы бағдарламаны таңертең мен кешке екі рет қайталап, қолыңа қажетті қаржы түскенше тоқтатпағаның жөн.

3. Өзіңізге қалаған байлығыңызды алу үшін немен төлей алатыныңызды адалынан айтып, өз кармаңызды сол арқылы кеңейтіңіз, сонда көзге көрінбейтін бұғаулардан құтыла бастайсыз. Сондай қолбайлаулардың бірі – кешке теледидар алдында жатып, тамашалау болуы мүмкін. Соны ойлаңыз.

4. Өз қалауыңызды жүзеге асыру үшін оның нақты жоспарын жасап, дереу іске кірісіңіз. Ең маңыздысы ішкі мүмкіндік. Сол арқылы өз кармаңызды кеңейте аласыз. Іштей әрекет дұрыс болса, сыртқы жағдай да қолайлы бола түседі.

5. Өз әрекетіңіз кезінде 20 пайыз ғана күш жұмсап, 80 пайыз нәтиже беретін жағдайға ұмтылыңыз.
6. Осы сияқты идеяны ақшаға айналдыру жоспары ақшаға айналатын жұқа әлемнің бедерін қалыптастырады. Ол анық көріне бастасымен, сіздің жоспарыңыз да нақты мерзімінде нақты оқиғалармен толығады.

Ақшаны пайдалы жаратудың жолдары

Ақшаны өзі үшін, яғни өзіне бір нәрсе сатып алу, өзіне сыйлық жасау үшін жұмсау – пайдалы іске жұмсау болып саналмайды.

Ақша табуға кедергі келтіретін жағдай – тәкаппарлық. «Мен кедеймін, өйткені ақшаның соңына түсуге адамгершілігім жібермейді» дейтіндер бар. Бұл орайда адал жолмен, еселі еңбекпен табыс табуды кез-келген жолдармен (алдау, арбау, бопсалау, т.б.) ақша табумен шатастырмау қажет. Негізінен, ақшаны пайдалы жаратудың бірінші принципі – тәкаппарлықты азайту. Себебі кез-келген адам бір жерде біреудің қарамағында жұмыс істейді, соның идеясын жүзеге асырады. Тәкаппарлық біреуге, одан қабілеттірек, таланттырақ адамға жұмыс істеуге кедергісін келтіреді.

Ақшаны қуана жұмсау қажет. Ақшаны пайдалы жаратудың екінші принципі карма заңына сүйенеді. Өз ақшаңды жақсы сезіммен жұмсағаныңыз жөн. Сіздің сатып алғаныңыз үлкен, өте әдемі зат болған сайын көңіл-күйіңіз де жоғары көтерілуге тиіс. Ақшаны қуана жүріп жұмсаған сайын ақшаны өзңізге тартудың кармалық механизмі іске қосылады. Ақша – карманың төртінші деңгейі. Оны естен шығармаңыз. Егерде өз ақшаңызды жұмсау ешқашан қуандырмайтын болса, мінез-құлқыңызға қайта қарап, оны жақсы жағына қарай өзгертуге тырысыңыз.

Фэн-Шуй жүйесі бойынша, ақшалы болғыңыз келсе, үйіңізде ақшаны тартатын орталықты құруға ниеттелсеңіз: қонақ бөлме жарық та, ыңғайлы болуға, оның оңтүстік – шығыс бөлігі әртүрлі заттармен толтырылмауға тиіс. Және де Сіз орындықтың, креслоның, диванның арқасын есікке, терезеге қаратып отырмаңыз, қонақ бөлменің бұрыштарын әр нәрсеге толтырмаңыз, бірақта оны бос қоймаңыз. Олай жасамасаңыз, сол жерге қуаттар шоғырланып тұрып қалады да, ақшаңыздың айналымында тоқыраушылық болады. Мадақ пен сыйлық ақша Адамды мадақтау да, оған ақшалай сыйлық жасау да оның миына біркелкі дәрежеде жағымды әсер етеді екен. Бұл - жапондық және американдық ғалымдардың ашқан жаңалығы.

Баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша бұл тәжірибе Жапонияның Оказаки қаласындағы ұлттық психология институтында жасалынған. Оған 19 адам қатысқан. Оларға ми мониторингі жүргізіп, алғашқыда тәжірибеден өтушілерді үш-үштен бөліп, құмар ойындарын ойнатады. Сол кезде оларға басқа адамдар келіп мақтау сөздер айта бастайды. Сонда анықталғаны: ақша ұтқанда әлгі адамдардың миының қай бөлігі ерекше белсенділік танытса, мақтауды естігенде де мидың сол бөлігі белсенділік көрсетеді. Яғни, ақша мен мадақ адам миына бірдей жағымды әсер етеді.

Ақшаны алдап алу. Оны арнайы түрде жолыңызға ақша тастау, Сізге әдейі соқтығысу арқылы іске асырады. Ақша тастау. Бұл әдісті кісі тонаушылар топтасып жасайды. Олардың әрқайсының атқаратын өз міндеттері бар. Қай жерде, кімнің алдына, қалай ақша тастау керектігін жетік білетін қулар ең алдымен ауылдың адамын, алаңғасар кісіні іздейді. Бұл топтың екінші адамы тасталған ақшаны әлгі адам көрмей қалса, оны тоқтатып әмиянды көрсетеді де ішіндегі ақшаны оңаша жерге барып бөліп алуға азғырады. Үшінші адам қолайлы сәтті күтіп тұрып, олардың үсті-нен түседі де жоғалтқан ақшасын солардың тауып алғанын айтып байбалам салады, әмияндағы, бумадағы ақшасы азайып қалғанын сылтауратып, әлгі адамның қалтасын ақтарып ондағы бар ақшасын сыпырып алады. Ұры атанғысы, милицияға түсіп, істі болғысы келмеген аңқаулар өз ақшасын тектен-текке алаяқтарға беріп, тоналып шыға келеді. Арнайы соқтығысу. Мұны екі-үш алаяқ бірігіп жасайды. Олардың біреуі қолтығына ескі сынық радиола немесе магнитофонды қыстырып, көздеген кісісімен әдейі соқтығысып қалады. Сол кезде қолтығындағы сынық, жұмыс істемейтін радиола, магнитофон, басқа да заттар жерге түсіп, оның күл-талқаны шығады. Осы кезде оның сыбайластары жанына келе қалып, оқиғаға куә болады. Еріксіз «кінәлі» болған адам айыппұл төлеп, кейде сол заттың құнын беріп, алаяқтардан әзер құтылады.

Сол себепті адам қатынасы мол тротуарларда сақ жүрген жөн. Қандай оқиғада да сасып, қорықпаңыз.

Ақша жинау туралы ақыл-кеңестер

Үндістанның әйелдерге арналған «Фимина» атты журналында Махалакшмидің «Бақытты болудың 100 тәсілі» туралы зерттеу мақаласы жарияланғанды. Онда ол қаражат жинау жөніндегі өзінің іс-тәжірибесін әйелдерге ақыл-кеңес ретінде арнайды. Яғни, автор былай деп жазады:

«Кішкентай да болса бір жетістікке жеткен сайын тындырымды істерім үшін өзіме-өзім сыйлық жасауды жоспарлаймын. Яғни, өзімнің жұмысқа деген ынтамды арттыруым керек қой.

Ақша шақыру жаттығулары

1. Қай жерде ақша туралы әңгіме қозғалса да Сіз ақшаны жамандамаңыз. Бұл Сіздің өмірлік салт-дәстүр, дағдыңызға айналсын. «Ақшам жоқ, ақша жетпейді» деп ешқашанда айтпаңыз. Олай десеңіз, Сізден ақша қашады. Керісінше, Сіз «Мені ақша жақсы көреді», «Күн-нен – күнге менің қаража-тым көбейіп, табысым артып келеді» деген сөзді жиі-жиі айтыңыз, олай деуге қым-сынбаңыз, қорықпаңыз.

2. Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинайтын болыңыз. Ақшаны «қара күнге» деп жинамаңыз.

3. Ақша жинауда, оны ұсатып жұмсауда бай адамдардың психологиясын зерт-теңіз, соларға еліктеңіз. Өзі- ңізді бай адамның орнындамын деп есептеңіз. Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз «Мен мұны қарапайым адамдардың тыныс-тіршілігін білу үшін уақытша мініп жүрмін» деген ойда болыңыз. Өзіңіздің бұл ісіңізді баюға психологиялық тұрғыда дайындалу деп түсініп, күнделікті өмірде ұсақ-түйектерге көп көңіл бөлмеңіз.

4. Ақшаны адал жолмен қалай тапсаңыз, оған да солай адал болыңыз. Ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис-шәрібінде айтылғанындай, біреуге артық ақша бермеуді, біреуден артық ақша алмауды қадағалаңыз. Сатушы жаңылысып, Сізге артық ақша қайтарса, немесе бір затыңызды сатып алушы құнынан артық ақша ұсынса, оны қайтарып беріңіз. Қиянат жасағанды ақша ұнатпайды.

5. Ешқашан тың ойлардан, жаңа қадамдардан, жаңалықтардан, жақсы істерден бас тартпаңыз. Олар Сізді жаңа табыстарға жетелейді.

6. Ақша – үлкен қуат көзі болғандықтан, әрі ұқыпты-лықты жақсы көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр тиынды дұрыстап тұрып салыңыз, әмияныңызды сыртынан сипап, оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретінін естен шығармаңыз.

7. Ақшаны жұмсаудағы ең басты қателіктердің бірі – оны қолдан-қолға беру. Сол себепті оны берерде ағаштан жасалған үстелдің немесе сөренің үстіне қойыңыз. Өйткені, адам өз қолымен ақшаны басқаның қолына бергенінде өз қуатын бірге беруі мүмкін. Ақша алғанда да байқаңыз: ауру немесе ниеті бұзық адамның қолынан алған ақша сәтсіздікке ұшыратады. Ал ақшаны ағаштың үстінен алсаң, мамандардың айтуынша, ағашта нашар қуат күшін тұншықтыратын қасиет бар. Егерде ақша алғанда мұндай мүмкіндік болмаса, үйге келісімен әлгі ақша салынған әмияныңызды ағаш үстелдің, сөренің үстіне жарты сағат қою қажет.

8. Ақшаны түнде беруге, түнде алуға болмайды. Себебі ақша да барлық табиғаттың құрылым бөлшектері тәрізді таңертең оянып, күн батқанда ұйықтайды. Сондықтан да ұйқыдағы ақшаны алып та, беріп те қажеті жоқ.

9. Маңдайға біткен дәулет үшін өтем төлеу жақсы. Байлықты сақтап қалу үшін қайырымдылық шараларына мол шығын шығарып, жаманшылықтың алдын алады, Мешіт, медіресе, аурухананы өз қаржысымен салдырып, халыққа сыйға тарту – бұрыннан жалғасып келе жатқан сауапты іс. Тек оны атын шығару үшін жасамау қажет.

10. Ақша өзіңді жақсы көруі үшін алдымен Сіз ақшаны жақсы көріңіз. Алайда ақшаны ар-ұяттан, ұлттық мақсат-мүддеден жоғары қоймаңыз. Жетпей, таусылып, қарызға батып қалған кезде ғана ақшаны ойламай, оны әрдайым байлық ретінде жақсы көріп, оның молаятынына кәміл сеніңіз. Ақша жолы болмайтын, өзіне-өзінің сенімі жоқ адамдардан қашады. «Маған сондай жалақы, сондай ақша жетеді», - деп, ақшаға шектеу қойып, өзіңіздің табыс көзіңізді жауып тастамаңыз. Табысыңыз өз қажеттілігіңізден артылып жатса, қайырымдылық жасаңыз. Ақша қайырымдылықты жақсы көреді.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 7321 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.2/14 |
Всего комментариев: 1
1  
Мына сайтта акша аз беред! http://www.neobux.com/?r=Berikmail брак, осы сайтка сенуге болады.
себеб! осы сайтта интернет коргану жуесы оте жогары дарежеде, сондыктан осы сайтта акша табу сен!мд!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz