8-наурыз мерекесі қай елде қалай тойланады? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Файлы » Мои файлы

8-наурыз мерекесі қай елде қалай тойланады? (интернеттен)
[ ] 21.03.2010, 05:15

8-наурыз мерекесі қай елде қалай тойланады? (интернеттен)

Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып есептеледі. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, жер-жерлерде халықаралық әйелдер күні түрліше ғұрыптармен тойланады.

Мысалы, Португалия мен Румынияда тек әйелдер ғана «Women-only» атты мерекелік кешкі асқа жиналады екен. Бұл күні ол жақтағы әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болады. Бұрындары ежелгі римдік әйелдер барын киіп, мерекелік көңіл-күймен шіркеулерге барған.

Итальяндық жігіттер нәзік жандыларға сары түсті акация тектес гүлдерді сыйлайды. Сондай-ақ қыз-келіншектерге 8 наурыз күні мәдени ошақтарға тегін билеттер беріледі екен.

Ресейде гүлдермен қатар, шоколадтар да – мерекелік сыйлықтардың ең көп таралған түрі.
Ал АҚШ, Еуропада азаматтар бұл күні қыз-келіншектерді құттықтап, мәре-сәре болады. Сонымен қатар Қытай мен Корея мемлекеті атаулы күнге ерекше мән береді екен. Бірақ Түркияда әйелдер мейрамы бар деп есептелінгенімен, онда онша тойланбайды. Сондай-ақ Данияда 8 Наурыз мерекесі мүлдем тойланбайды. Есесiне, даттарда мамырдың екiншi жексенбiсi – «Аналар мейрамы».

Бұл мереке көптеген елдерде әйелдердің қазіргі қоғамдағы орнын, күш-жігерлерін айшықтай түседі. Көптеген іс-шаралар осы тақырыптың айналасында өрбиді.

Халықаралық әйелдер мерекесін өз деңгейінде атап өтетін елдер:

Румыния, АҚШ, Германия, Австрия, Швейцария, Голландия, Чехия, Венгрия, Франция, Ресей, Финляндия, Норвегия, Исландия, Индонезия, Үндістан, Португалия, Румыния, Қытай, Италия, Иран, Өзбекстан, Әзiрбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Украина, Белоруссия т.б. көптеген елдерде 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесi ретiнде аталып өтедi.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 3672 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/3 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz