13 саны сәтсіз бе? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

13 саны сәтсіз бе? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 08:12

13 саны сәтсіз бе?

Қазақтар 7 санын қасиетті санап, мүшел жасты өмірдің қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсініп, сейсенбіде сапарға шықпауға тырысқанымен, ешбір санды жамандамайды. Біздер үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Алайда, өзге халықтардың наным-сенімі бойынша, қазақтар да кейінгі кезде 13 санын сәтсіз санға балайтынды шығарды ...

Оның бір сыры: кезінде император Наполеон, мұнай алпауыты Поль Гетти, АҚШ президенттері Герберт Гувер мен Франклин Делано Рузвельт 13 санын қатерлі санаса, Диана ханшайым мінген автокөлік Париждің жер асты жолындағы он үшінші бағанға барып соқтығысқан. 13 санын қатерлі көргендіктен, ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған. Тіпті, «Оксфорд юниверсити пресс» шығарған анықтамалықта 13 күні жұмыстан артына қарамай кетуді, ұйықтар алдында айнаға қарамауды, қандай жағдайда да «шошқа» деп айтпауды ұсынады. Ал, енді еуропалықтардың түсінігінше айдың 13-і жұмаға сәйкес келсе, ол күн «қара жұма» деп саналады. Жалпы, «қара жұма» он бір жылда бір-ақ рет қайталанатын көрінеді.

Американдықтардың есептеуінше, «қара жұма» елге 750 миллион доллар шығын әкеледі екен. Сонда 13 саны сәтсіз, қатерлі болғаны ма? Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Өйткені, қазақта алғашқы мүшел – 13 жаста, сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.

Қатерлі 3 цикл Адам өмірінің сандарға байланысын дәлелдейтін тағы бір мысал: денедегі биоырғақтың үш циклдан тұратындығы, олардың 23, 28, 33 күндік екендігі. Бұл жөнінде Владимир Мезенцев былай деп жазады:

«Біздің ағзамызда болып жататын аса күрделі ырғақ (ритмика) құбылысының аса күрделі көріністерін зерттей отырып, кейбір ғалымдар адамның биоырғағындағы үш цикл (оралым) жайында жазады. Бұл – 23 күндік физикалық цикл, 28 күндік эмоциялық (сезім) цикл, 33 күндік ой-парасат циклы.

Бұл циклдардың қай-қай-сында болса да күндердің тең жартысы плюс-күндерге, екінші жартысы минус-күндерге жатады. 23 күндік физикалық циклда алғашқы он бір жарым күн плюс-күндердің үлесіне тиеді; мұндай күндері, мысалы, спортпен мықтап шұғылдануға, әртүрлі жорықтар жасауға әбден болады. Келесі он бір жарым күн бұл сияқты саяхат, спорт, тағы басқа едәуір күш керек ететін шараларға жарамайды, өйткені адам мұндай күндері тез шаршағыш келеді. 28 күндік эмоциялық (сезім) циклының алғашқы он төрт күнінде адамның көңіл күйі өте жақсы жүреді, ал келесі он төрт күннің ішінде ол өзінен-өзі жабырқап, көңілі түсіңкі болады. Ой-парасат циклы «қызықты» және «зерігу» күндеріне бөлінеді.

Ғалымдардың атап көрсетуінше, плюс-күндерден минус – күндерге өтетін сын кезеңінің адамға неғұрлым зор маңызы бар. Барлық үш цикл адамның туған күнінен және плюс-күндерден басталады. Бір циклдан екінші циклға «ауысатын» күндер «ноль» күндері деп аталады, яғни бұлар сын күндер болып табылады. Егер бұл күн әсіресе физикалық жән эмоциялық циклдарға ауысардағы «ноль» күні болса, онда кейбір физиологтардың есептеуі бойынша, сол адам неше түрлі қолайсыз жағдайларға немесе сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін».

Ғалымдардың бұл болжамдары ақиқатпен астасып жатқандай. Мысалы, олар бақытсыздыққа ұшыраған 1400 жағдайды зерттегенінде, оған тап болған осы адамдардың әрбір онының алтауы мұндай сәтсіздікке, қайғыға өзінің «ноль» күнінде ұшыраған. Ал жапондық ғалымдар жаяу адамдар жол-көлік апатына ұшыраған 153 оқиғаны зерттегенінде оның 75 пайызының оған өз өмірлерінің 3 цик- лындағы қолайсыз, ең қауіпті күндері тап болғанын анықтаған. Тек бізді бір таң-тамаша қалдыратыны адам бой- ындағы биоырғақтың үш циклының ішінде неге фи-зикалық циклдың 23 күндік, эмоциялық циклдың – 28 күндік, ой-парасат циклының – 33 күндік екендігі. Неге бұл циклдар қатып қалған осы сандардан тұрады? Бұл да бір табиғаттың беймәлім құбылысы.
Иә, адам ғұмырының да, мінез-құлқының да, келешегінің де, қуаныш-қайғысының да әйтеуір бір сандармен байланысы бары анық. Бұл өзі Жаратқан Иемізге ғана белгілі құпия сыр ...

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 1568 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 1
1  
Барін көшіріп алыпты басқа сайттан...МАСҚАРА!!! Қазақтың адамдары қандай болған сонда?!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz