Кереғар кереметтер - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Кереғар кереметтер
[ ] 23.05.2008, 12:34

Кереғар кереметтер

1.      Аурудан аулақ қашып, келілеп дәрі аламыз.

2.      Жалғыздықты жақсы көріп, даңғазамен дос боламыз.

3.      Бүгінгі күнмен өмір сүріп, алдағы күнге жоспар құрамыз.

4.      Көзбенен көргенге сене алмай тұрып, біреулер айтса, имандай ұйимыз.

5.      Жұрт алдында керемет болып, оңашада оңдыра алмаймыз.

6.      Сығылысқанды жек көріп тұрып, автобустарға таласып мінеміз.

7.      Жақсы әуендерді жақтырмай жүріп, әуейі әнге қосыла кетеміз.

8.      Жан досымызға өкпелеп жүріп, өзге біреулерге сыр ашамыз.

9.      Қойын дәптерге құпия жазып, өзгелер оны оқыса дейміз.

10.  Өзгенің бәрін менсінбей жүріп, ешкімге керексіз болмасақ дейміз.

11.  Керемет адам болмайды дейміз, кейбіреулерді әулие тұтып.

12.  Шынайы түрде күле алмай жүріп, шырқырап тұрып шындық іздейміз.

13.  Жаныңа керек жаңаны іздеп, ескі іздерді шиырлай береміз.

14.  Ұлағатты іске уақыт таппай, сағаттар бойы жиналыс жасаймыз.

15.  Ұстамдылыққа ұмтылып жүріп, мәні жоқ іске мазамыз кетеді.

 

Қызықты қарама-қайшылықтар

1.      Мәдениет туралы көбіне мәдениетсіз адамдар көп айтады.

2.      Жағажайдағы жалаңаштардың көбісінің, шын мәніне келгенде, көйлегі көп.

3.      Қиындату – оңай, оңайлату – қиын. Сол сияқты қиын жұмысқа тұру оңай, оңай жұмысқа тұру қиын.

4.      Өзін жұрттан ақылдырақпын деп есептемейтін адам – нағыз ақымақ.

5.      Үлгермеушісі жоқ мектептің, шынына келсе, көп оқушысы үлгермейді.

6.      Ең қиын тапсырманы жалқауға берсең, орындаудың ең оңай жолын тауып береді.

7.      Көмектескің келсе, зияныңды тигізбе.

8.      Кей адамның көңілі өзгенің көңілін жабырқатпаса көтерілмейді.

  

Кісәпір кеңестер

1.      Өзгенің ақылымен өмір сүргің келсе – үйлен. Александр Ратнер

2.      Өмірде барлығына төлейсің, бірақ саудаласқанның артықтығы жоқ.

3.      Ұнатқаныңды алуға тырыс, әйтпесе алғаныңды ұнатуға тура келеді.

4.      Айыптамай тұрып ақталма. (Карл І)

5.      Аузыңды аздау ашсаң, ақымақтықты аздау естисің.

6.      Байға тәбетің тартсын деп, кедейге тамағың тәтті болсын деп тіле.

7.      Өсек естісең, өзгертіп айт. Өсекке өзің сенбесең де, өзгелерді сендіре біл.

8.      Кедей болсаң бай болып, бай болсаң кедей болып көрінуге тырыс.

9.      Сыйласын десең, суайт бол. Ақыл айтпа, кеңес бер.

 

Автордың «Байлауы жоқ түйіндер» кітабынан

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin | Автор: Еркин Дуйсенбаев
Просмотров: 1215 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz