Ойлы оралымдар мен ақылды афоризмдер - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Ойлы оралымдар мен ақылды афоризмдер
[ ] 23.05.2008, 12:32

Ойлы оралымдар мен ақылды афоризмдер

 

Жалпы афоризмдер

Ақылды адаммен әңгімелесу оңай, бірге жұмыс істеу қиын.

Қысқа сөйле, аз сұра, тез кет.

Егер ит сөйлесе, ер адам ең соңғы досынан айрылады.

Әйелдерді бағындырудың екі әдісі бар. Бірақ оны ешкім білмейді.

Бір әйелді ғана сүйетін адам бір әйелді ғана бақытсыз етеді.

Батыр біреу болуы керек. Егер олар көп болса, онда оларды сотқарлар деп атайды.

Маған не істеу керегін айтпасаңыздер, мен сіздерге қайда баратындарыңызды айтпаймын.

Тәжірибе – алу керегіңді ала алмағанда алатының.

Балаларды бәрінің қайдан пайда болатыны, ал үлкендерді бәрінің қайда кететіні ойландырады.

Мен джиу-джитсу, самбо, дзюдо, айкидо сияқты көптеген мықты сөздерді білемін.

Қызық жұмыста көретін түстерің де қызық болады.

Неге ғашық болсаң, соны сүй.

Әйелден шалбар артық. Өйткені шалбарсыз бара алмайтын, әйелсіз бара алатын жерлер көп.

Даналық қарттықпен бірге келе бермейді. Кейде қарттық бір өзі келеді.

Шаштараздан шыққанда мені бір ой мазалайды: мен айтқандай алмағасын, қайтіп алу керегін менен неге сұрады?

Сенің армандарыңның өзгелерде жүзеге асатыны қиындау.

Оқу – ережелерді оқып-үйрену, тәжірибе – ережелерден тыс нәрселерді оқып-үйрену.

Жаман сөздермен бейнелеп беруге келмейтін керемет жақсы сөздер болмайды.

Шектен тыс қабаған иттер шектен тыс қайырымды адамдарды қуу үшін керек.

Бір рет қырау қатқаннан, жеті рет терлеген жақсы.

Ең біріншісінде-ақ жолыңыз болмаса, парашютпен секіру сіздің қолыңыз емес.

Кез келген адамның ішінде дарындылық ұйықтап жатыр. Не деген маубас еді?!

Тез таусылған стакан құйылмаған болып есептеледі.

Сізге ертең келіңіз деп айтты ғой, ал сіз ылғи бүгін келесіз!

Арақ ішу – қан тамырларың мен достар тобының кеңеюі.

Әйелдерді ұсақ-түйекпен алдамаңыз.

Бізда барлығы бар, бірақ бәрінде емес.

Ұлы адамдар аз өмір сүрген. Менің де мазамның болмай отырғаны.

Жолсыздыққа жөнсіздікпен жауап бер.

Жақсы өмір сүруге ешкім тыйым салмайды, бірақ көбі кедергі келтіреді.

Кәрі қарғаның саңғырығы дәл тиеді.

Адам өмірінің төрт кезеңі: әлі болмайды, енді болады, әлі болады, енді болмайды.

Сараң болсам, болармын, бірақ шын жүректен ғой.

Өмір, мен сені жақсы көрем. Сен болсаң, қайта-қайта мені

Қасқыр да тоқ, қой да аман, шопанның жаны жаннатта болсын!

Тоқ болсаң, айналаңның бәрі тамаша!

Арманның жүзеге аспағаны қанша, ал жүзеге аспайтыны одан да көп.

Ол қыз менің арманым болатын, ол қыздың арманын білгенше.

Көп білгеннен ешкім өлген емес, бірақ тәуекелге барудың керегі жоқ.

Жерлеу бюросындағы жазу: ең жақсы клиент - өлген клиент.

Милициядағы хабарландыру: өңдеудің барлық түрлері бар.

Ұзаққа жасалған жоспарлар асықпай орындалады.

Күнімен ұйықтап, түнімен ішіп-жесең, қатты шаршайсың.

Жетінші стаканнан кейін ғана ол өзін өз үйіндегідей сезіне бастады.

Алдымен махаббат уақытты өлтіреді, ал сосын уақыт махаббатты өлтіреді.

Айнаға ұзақтау қарасаң, Дарвинге сене түсесің.

Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.

Үйленгің келсе, үйлен, үйленгің келмесе, үйленбе. Ал ұзақ уақыт үйленгің келмесе, емдел.

Үш рет жұмысты тастады, екі рет сәтті шықты.

Өлетін кезге дейін өмір сүру керек.

Әдемі әйелді көргенде еркектер, ал көріксіз әйелді көргенде әйелдер мәз болады.

Сіз өзіңіздің қаншалықты қатты қателескеніңіз туралы да соншалықты қатты қателесіп тұрсыз.

Атыңызға әкеңіздің атып қосып айтса тамаша, ал шешеңізді қосса, қиындау.

Шығатын жол жоқ болатын жағдайлар болмайды, тек ол жол сізге қолайсыз болуы мүмкін.

Сөз бен іс алшақ болмау үшін, ештеңе істемеу керек.

Интернет те ажал сияқты, тек жақсыларды алады.
 

Франсуа де Ларошфуко

Егде ессіздер жастардан да ессіздеу.

Достарымызға қарағанда, жауларымыздың біз туралы ойлары шындыққа жақындау.

Ниетімізді түсіндіре алсақ, жасаған істеріміздің көбісі ыңғайсыз шықпас еді.

Жеңілтек мінез – жеңілтек әйелдің ең кішкентай кемшілігі.

Бір жақсы қасиетіңді толық көрсетуге жақсы қасиеттің көптігі кедергі келтіреді.

Өзінде болғанды өзгелерге бере алмайтындар, өзгелерді болғанды көре де алмайды.

Жомарттықтың астарында мақтаншақтық жатады.

Ұсақ кемшіліктерімізді мойындай отырып, үлкені жоқ екеніне сендіргіміз келеді.

Бізбен санасатын адамдарды ғана саналы деп есептейміз.

Мақтаудан қашу қайталауды қажет ету деген сөз.

Жасалған жақсылықты қайтаруға асығу – надандықтың белгісі.

 

Оскар Уайльд

Өз күйеуін көріксіздер қызғанады, ал көріктілер өзгелердікін қызғанады.

Кеңес беру – қателік, әсіресе жақсы кеңесті ешқашан кешірмейді.

Өзіңді күткен жерге бармаған қандай тамаша!

Егер дұрыстап тыңдасаңыз, өзіңіздің не айтқаныңызды түсіне аласыз.

Жақсы атақ әдемі қалпақ сияқты болмайтын нәрселерден құралады.

Өзгелерге өзімізге сенбегендіктен сенбейміз.

Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.

Барлық сүйкімді адамдар бұзылған, олардың тартымдылығы сонда.

Бар еркек – құбыжық, әйелдерге тек дұрыстап тамақтандыру ғана қалады.

Оның жаулары жоқ, өйткені ол оншалывқты атақты емес.

Ғашық болу - өзін алдаумен бастап, өзгелерді алдаумен аяқталатын ерекше құбылыс.

Әркім өз қатесін тәжірибе деп атайды.

Реформадан басқа мүмкін емес ештеңе жоқ.

Қайырымдылық жұқпалы емес.

Журналистика мен әдебиеттің айырмасы неде? Журналистиканы оқудың керегі жоқ, ал әдебиетті оқымайды.

Табиғилық – ұзақ ұстана алмайтын, қиын қалып.

Жұрт шындыққа қисынды болғандықтан емес, жиі қайталанғандықтан сенеді.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin
Просмотров: 16942 | Загрузок: 0 | Комментарии: 11 | Рейтинг: 4.6/28 |
Всего комментариев: 10
10  
керемет сөздер... Маган унады... Айтпакшы біздің үй жақта ақшасын төлесең шашыңды тегі алып береді...

9  
созсiз тамаша! Окып ой туйесiн...

8  
ағай саламатсыз ба. мені таныдыңыз ба. өте тамаша ойлар мен афоризмдер. мен афоризмдерді жинақтап жүр едім жақсы болды

7  
привет всем,спосибо за то что пишите сюду афоризмов....я их KG////пока.....

6  
Men aforizm okygandy katty jaksy koremin.Keremet sait! Katty unady. Dostar logindarynyz kalai?

5  
маган унады.Рахмет!

4  
Жанболат! Сайтқа кіріп, жақсы сөздерге мән бергеніңе рахмет. Мен әзірге қазақша жақсы аударатын программа тапқаным жоқ. Сондықтан әр жерден теріп алынған афоризмдерді, соның ішінде Костантин Душенконың жинаған афоризмдерін қазақшаға мағынасы бойынша еркін стилмен аудардым. Айдана! Ойың жақсы екен. Әттең, бізде жақсы афоризмдер жазылған сайттар сирек кездеседі. Оның ішінде өз аудармаларымен берілгені жоқтың қасы. Көбі көшіріп алынған және сілтемесі жоқ.Гүлбану! Кәделеріңе жарап жатса, алып пайдаланыңдар. Тек қайдан алғандарыңды жазып қойғандарың дұрыс. Өйткені біреулер мағынасын сұрай қалса, жауап бере алмай, қысылып қалмайсыздар.

3  
мына аффоризмдерді өзге тілден программамен аудардындар ма? алде мағынасымен аударылган ба?

2  
өте жаксы. бірге ат салысайық достар

1  
керемет тамаша екен

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz