Естімеген елде көп - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Естімеген елде көп
[ ] 23.05.2008, 10:13

Естімеген елде көп

(қызықты мәліметтер)

Ғарыш туралы

Күн сәулесі Жерге 8,5 минутта жетеді.

Ай Жерден 80 есе жеңіл.

Толық күн тұтылудың ұзақтығы 7,5 минуттан аспайды, ал толық ай тұтылу 104 имнутқа дейін жетеді.

Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета – Плутон, ал ең үлкені – Юпитер.

Құдай атымен аталмаған жалғыз планета – Жер.

Күн жүйесіндегі ең ыстық планета – Шолпан.

Шолпанда күн батыстан шығып, шығыс жаққа батады.

Жерден құралсыз көзбен қарағанда көрінетін планета – Уран.

Меркурийдегі жарты тәулік (күндізгі уақыт) жердегі бір жылдан екі есе ұзақ.

Шолпандағы тәулік жердегі жылдан ұзақтау.

Жер туралы

Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.

Чилидегі Калама атты қалашықта мүлде жаңбыр жаумайды.

Жердің 70 пайызы сумен толтырылған, бірақ оның 1 пайызы ғана ішуге жарамды.

Өлі теңіз мұхиттардан 7-8 есе тұздырақ.

Солтүстік полюске қарағанда Жердің Оңтүстік полюсінде суықтау.

Жердің 10 пайызын мұздар мен мұзтаулар алып жатыр.

Солтүстік полюсте жылына 186 күн бойы күн көрінбейді.

Табиғат туралы

Табиғатта тек 92 элемент кездеседі, 11-і газ күйінде, 81-і қатты күйде.

Табиғатта сынаптан басқа сұйық күйде кездесетін тек бір элемент қана бар, ол – бром.

Көміртегі Жердегі барлық элементтерді қосқандағыдан көп қосылыс береді.

Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына тең.

Ыстық су суық суға қарағанда ауырлау.

Лас қар таза қарға қарағанда баяу ериді.

Газ тәріздес сутегі Жердегі - ең жеңіл, ал сұйық сутегі - ең ауыр нәрсе.

Ауаға қарағанда мәрмәр (гранит) дыбысты он есе жақсы өткізеді.

Ауаға қарағанда болатта дыбыс он бес есе жылдам тарайды.

Таза алтын өте жұмсақ, оны қолмен майыстыруға болады.

Алмас қышқылда ерімейді, оны бұзатын жоғары температура ғана.

Елдер мен халықтар туралы

“Европаның орман цехы” атанған ел – Финляндия.

“Европаның сүт фермасы” атанған ел – Швейцария.

Швейцарияда орден, медальдар жоқ.

Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды.

Ұлыбританияда конституция жоқ.

Ең суық астана – Улан-Батор.

Ресми астанасы жоқ мемлекет – Науру.

Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.

Пошталық жөнелтулер тегін болатын жалғыз ел – Андорра.

Рим атты қала барлық континентте бар.

Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы жалғыз ел – Ливан.

Иран туында “Аллах акбар” деген жазу 22 рет жазылған.

Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Европа.

Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда.

Экватордан бастау алып, теріс қарай ағатын жалғыз өзен – Ніл.

Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.

Қытайлықтар мен корейліктерде фамилия алдымен айтылып, жазылады.

Чилидің Атакама шөліндегі Калама қаласында мүлде жаңбыр жаумайды.

Оңтүстік Америкада екі ел ғана мұхитпен шектесіп жатқан жоқ – Боливия мен Парагвай.

Эфиопия ешқашан Европалық колония болмаған.

Барлық мұхиттан қашықта жатқан нүкте – Қытайда.

Жердегі ең таза теңіз – Антарктидадағы Уэддел теңізі.

Заңдар мен ырымдар туралы

Лос-Анджелесте күйеуі алдын ала әйелінің келісімін алмаса және белбеуінің ені екі дюймнен асып кетсе, әйелін ұруға құқығы жоқ.

Коннектикутте ерлі-зайыптыларға жексенбі күні сүйісуге тыйым салынған.

Швецияда ит ұстағаны үшін салық иттің бойына қарап салынады.

Норвегияда ит ұстағаны үшін салық иттің ұзындығына қарап салынады.

АҚШ-тың Мичиган штатында жексенбі күні сыра ішуге және сатуға тыйым салынған.

Грекияда дүйсенбіде аңға шығуға тыйым салынған.

Того мемлекетінде әйелге қошамет жасаған ер адам оған үйленуі керек.

Эскимостықтар сүйіспейді, тек мұрын түйістіреді.

Исландияда үйде ит ұстауға тыйым салынған.

Малайзияда баланы сыраға шомылдырса, оны барлық бәле-жаладан аман сақтауға болады деп есептейді.

Тіркелмеген компьютері үшін Бирмада 15 жылға түрмеге жабады.

Бахрейн, Бруней, Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды.

Конституция бойынша АҚШ президенті антты тал түсте қабылдайды.

Англияда адам қаққанға қарағанда ит қаққанды қатаңырақ жазалайды.

АҚШ-тың Юта штатында өліктің жанында ұрысуға болмайды.

Швейцарияда (азаматтар тең болу үшін) орден, медальдар жоқ.

Кэмбридж көшелерінде теннис ойнауға заңмен тыйым салынған.

Аризона штатында түйе аулауға тыйым салынған.

Ислам бойынша жабық жерде дәрет алуға тыйым салынған.

Замбияда туристерге пигмейлерді суретке түсіруге тыйым салынған.

Охлакома штатында кит аулауға тыйым салынған.

АҚШ президенті Вашингтон мэрі болып табылады.

АҚШ конгресінде тура 100 сенатор бар.

Ұлыбританияда конституция жоқ.

Қытай данышпандары қасиеттелір шалқасынан жатып, патшалар оң жақ қырына жатып, даналар сол жақ қырына жатып, ал күнәһарлар етпетінен жатып ұйықтайды деп есептеген.

Жапан мақалы бойынша «жақсы күйеу денсаулығы мықты және әрқашан үйде жоқ болады».

Саясат пен соғыс туралы

Жүз жылдық соғыс жүз емес, жүз он алты жылға созылған.

Наполеон армиясында солдаттар генералдарға сен деп айтатын болған.

Ежелгі Русте шегірткелерді инелік деп атаған.

Англиядағы шыққан бірінші кітап шахмат туралы болған.

Рим императоры Нерон ер адамға үйленген, өзінің Скорус деген құлына.

Рим армиясында бір палаткаға он адам жататын болған, ал олардың басшысын декан деп атаған.

Президент Тафттың салмағы 160 келі болған.

1849 жылы сенатор Дэвид Атчисон бір ғана күнге президент болған және оның көбімін ол ұйықтаумен өткізген.

Уинстон Черчиллдің шешесі жағынан арғы аталары үндіс болған.

Эндрю Джонсон, АҚШ-тың 17 президенті өзіне киімді өзі тіккен.

Телефонды алғаш пайдаланған АҚШ президенті - Джеймс Гарфилд.

Рим императоры Юлий Цезарь қайызғағын жасыру үшін басына лаврдан тәж киіп жүрген.

Клеопатра өз уларының күштілігін құлдарына беру арқылы сынап біліп отырған.

Клеопатра өзінің туған ағасы Птоломейге тұрмысқа шыққан.

Ақ үй қабырғасында үйленген жалғыз АҚШ президенті - Гровер Кливленд.

АҚШ президенттерінің ең бәкенесі Джейм Мэдисон (1,62 м), ал ұзын бойлысы Абраам Линкольн (1,93 м) болған.

Д.Вашингтон өз бағында марихуана өсірген.

Он және жүз долларлық банкноттарда бейнеленген Александр Гамильтон мен Бенджамин Франклин АҚШ президенттері болмаған.

Алғашқы американ жоғары судьясы Джон Джей құлдарды босату үшін сатып алатын болған.

Спорт туралы

Бразилия футболистері ойын алдында шай ішеді.

Дойбы шахматтан бұрын пайда болған.

Дзюдода он емес, он екі дан бар.

Кинематографиядағы ең танымал спорт – бокс.

1900-1920 жылдары арқан тарту олимпиадалық спорт түрі болған.

Чемпиондардың жасы үлкен спорт түрі – бильярд, орташа есеппен 35,6 жыл.

Дойбы шахматтан

Англидағы Уэмбли футбол стадионы тек ойынға арналған, онда жаттығуар өткізілмейді.

Ойын сүйегінің қарама-қарсы беттеріндегі сандар қосындысы жетіге тең.

ГО ойынындағы позиция саны шахматтағыдан 10e76 есе көп.

Тек екі ел ғана барлық олимпиада ойындарына қатысқан.

Барлық футбол чемпионаттарына қатысқан жалғыз ел – Бразилия.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin | Автор: Еркин Дуйсенбаев
Просмотров: 2613 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 1.0/1 |
Всего комментариев: 2
2  
jokko dimda

1  
Казакстан вутболдан 124 орында

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz