Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ - Информация о сайте

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907

Шақыру

О, халайық, менің де енді сайтым бар,

Бұл дегенің әңгіме емес жай тыңдар.

Қонақ болып кіріп менің сайтыма

Өзің жайлы, өзге жайлы айтыңдар.


Пікір айтып, қателіктен айықтыр,

Жаман ниет болсаң егер тайып тұр.

Даналардай сұқбаттасып, сырласып

Қалайықшы екеуміз де байып бір.


Артта қалсын биік асу, белестер,

Күдік тарқап, ыдырасын елестер.

Шабыт тапсын шайыр көңіл шалқыған,

Сенім тапсын бағыты айқын еместер.

Барлық жұрттың кәдесіне жарасын

Осындағы айтқан ортақ кеңестер!


Сайт-сапар

Интернет дүниеге келіп, оған жұрт тереңдеп енген сайын «Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп» деген сөздің мәні мен мағынасы өзгеріп бара жатқан секілді. Менің де берер асым ақылым болса, мінер атым қиялым сияқты. Егер сізде мен сияқты шынайы да шырғалағы мол өнегелі өмірден гөрі ғажайып ғұмыр, дәлдүріш дүниеге жақын болсаңыз, менің сайтыма қонаққа келіңіз. Ондағы тақырыптар тұрақты болғанымен, айшықты айдарменен берілген мазмұн айнымалы мәнге ие болып, апта сайын ауысып отыратын болады.

Нарық заманында наны жүріп тұрған білікті бизнесмендердің айтуынша «сенде бір алма, менде бір алма болып, өзара ауысар болсақ, бізде бәрібір бір-бір алмадан қалады, ал сенде бір ақыл, менде бір ақыл болып, ауысар болсақ, екеумізде де екі ақылдан болады» екен. Тағылымға толы танымның жолы – талайлы тағдырыңыздың құмсағаттай сырғыған аз ғана сәтін әзіл әлемі мен өнеге өлкесінде өткізгеніңізге өкінбейтін боласыз ғой ойлаймын.

Кәсіби кеңес беру

Егер сізге мына бағыттардың бірі бойынша кәсіби кеңес керек болса, көмектесуге дайынмын:

1.Мектеп басқару мәселелері.

2.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары.

3.Мектепке дейінгі білім беру.

4.Бастауышта оқыту әдістемесі.

5.Математиканы оқыту әдістемесі.

6.Физиканы оқыту әдістемесі.

7.Бағдарлы оқыту мәселелері.

Сонымен қатар, осы сайт арқылы оқытудың тиімді технологиялары мен интерактивті әдістері туралы да қысқаша мәліметтер алуға болады.

Приветствую Вас Гость

Календарь новостей
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz