Өзіңді тану - 12 Июня 2011 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2011 » маусым » 12 » Өзіңді тану
Өзіңді тану
12:42

Өзіңді тану

Адам баласы жасы 12-18 айға толған кезінде ғана айнадан өзін тани бастайды екен.

Жарқын сәби жауқазындай жайнаған,

Жұрт алдында асыр салып ойнаған.

Жайлап жүріп, асқан кезде бір жастан

Өзін-өзі таниды екен айнадан.

 

Салғанымен қорқынышты қасқыр ән,

Болғанымен тегеурінді жас қыран.

Арнайылап айна қойсаң алдына

Танымайды өзін-өзі ешбір аң.

 

Өзін тану (бұл не қылған ғаламат),

Адамдықтың негізін нық қаламақ.

Бір ғажабы, өзін-өзі айнадан

Маймыл ғана таниды екен шамалап.

 

Тылсымы мол, тағдыр сыйы – таным-ай,

Өзгелерді танығанның жаны бай.

Өзгелерді түсіну не, өмірде

Жүргендер көп өзін-өзі танымай.

 

Ел ішінде жүру емес шүлдірлеп,

Пайым ғана адамдықты білдірмек.

Ойланбаған адам, сірә, адам ба,

Мен өзі осы, шынында да кіммін деп?

 

Арқаламай өкпесі мен табасын,

Өз мініңді білсең, жұртқа жағасың.

Өзін-өзі тани алған жан ғана

Өзгенің де біледі шын бағасын.

 

Кейбір жандар ар жағында дымы жоқ,

Шікірейер кісіліктің шыңы боп.

Тұрғанымен ешбір жанды менсінбей

Ел ішінде бес тиындық құны жоқ.

 

Таным деген мұхиттағы жағалау,

Тану деген көзқарасты тағалау.

Өзін-өзі тану деген өзінің

Ісін талдау, ой-пікірін бағалау.

 

Ұрпағыңның ойлар болсаң намысын,

Білсін десең жақыны мен алысын.

Тану үшін өзгелерді, әлемді,

Ең алдымен өзін-өзі танысын.

 

Кейбіреуді танығанмен сөзінен,

Ой-пиғылын сезіп, жүзі, көзінен.

Өзгелерді шын білгісі келген жан

Ең алдымен бастау керек өзінен.

Просмотров: 1923 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 4.0/4 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  маусым 2011  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz