Замандасқа арнау (Немесе ұрпақ туралы ұлағат) - 1 Января 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Қаңтар » 1 » Замандасқа арнау (Немесе ұрпақ туралы ұлағат)
Замандасқа арнау (Немесе ұрпақ туралы ұлағат)
11:08

Замандасқа арнау

(Немесе ұрпақ туралы ұлағат)

 

Неге сонша таусылады төзімің,

Неге сонша сарқылады сезімің?

Баланы ешкім әкелген жоқ даладан

Сенің өзің өсіргенсің, өз ұлың!

 

Көргің келіп талай істе шамаңды,

Шыр айналдың өмір деген алаңды.

Қарай алмай ой түзеген кезінде,

Енді келіп кінәлайсың балаңды.

 

Ақырзаман дейтін сеніп ырымға,

«Бала-бәле» болыпты енді жырың да.

Көңлі толмай жүрген жалғыз сен емес,

Солай болған екі мың жыл бұрын да!

 

Осы бала ертеңгі ерек ізің де,

Абыройы тұр көрініп жүзінде.

Ізгіліктің дәнін екпей көктемде

Не күтесің одан енді күзіңде?!

 

Келіп ең ғой аймалап та, сүйіп те,

Неге бүгін айналды ұлың күйікке.

Сен көргенді көрмей өскен ол бала

Қалай шықпақ сен шықпаған биікке?!

 

Айтшы ұлыңа қаншама уақыт арнадың?

Басқа байлық болған жоқ па арманың?

Ойлан досым, келер күнді ертерек,

Шайналмасын десең кейін бармағың!

Просмотров: 920 | Добавил: erkin | Рейтинг: 5.0/5 |
Всего комментариев: 1
1  
Арнауыңыз жаксы екен! Омирде сондай адамдар бар!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Қаңтар 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz