Өткен күндер елесi (сексенінші жылдарға арнау) - 8 Марта 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3911
Главная » 2010 » Наурыз » 8 » Өткен күндер елесi (сексенінші жылдарға арнау)
Өткен күндер елесi (сексенінші жылдарға арнау)
00:07

Өткен күндер елесi

Сексенінші жылдарға арнау

 Өтiп барад зымырап уақыт деген,

Мәнi ерекше жастық шақ жақұт дер ем.

Өткен күндi сағына есiңе алсаң

Адам үшiн нағыз сол бақыт дер ем.

 

Едендi ойып билесең өкшеңменен,

Шiркiн сол кез айды да өпсем деген

Толқынында тарихтың қалып барад

Сол бiр кезең керемет Сексен деген.

 

Мына күндi белгiсiз бағдар әлi,

Бұлдырап бiр атуда таңдар әлi.

Әуенiмен баураған жүрегiңдi

Досмұқасан, Битлз, Аббалары.

 

Естелiгi өзiңмен бiрге кетер,

Мерекеге жалғасқан бiр мерекең,

Адам үшiн бұл өмiр өткен емес,

Есте мәңгi қалатын күндер екен.

 

Мынау заман кімді үнсіз жай қалдырсын,

Бiреу шат боп, бiреудi ойландырсын.

Екi мыңда туғандар сонау бiр кез

Өтiп кеткен сексендi қайдан бiлсiн.

 

Көңiл талай белестi шиырлады,

Армандарды аңсады қиырдағы.

Сол кездерi дүниеге келген жандар

Қазiр мiне, толтырды жиырманы.

 

 

Қаншама адам өмiрден сыр ұқты ма,

Сақтайды жұрт сан түрлi ғұрыпты да.

Сол кездегi жиырма жастағылар

Тастады артқа дәл қазiр қырықты да.

 

Тоқтамайды тағдырмен тартысың да,

Алған жоқсың белестiң жартысын да.

Сол сексенде қырықта қылшылдаған

Жүр бүгiнде асқарлы алпысыңда.

 

Керек елес мен үшiн, тек сен үшiн.

Қайтара ғой кейiнге жетсе күшiң.

Бүгiнгi кеш япырау, жасалуда

Сезiм толы, сыр толы сексен үшiн.

 

Жастар үшiн болғандай баяғыда,

Жете бермес ол шақтың оябына.

Қайран сексен, От сексен, Сезiм сексен

Екi мыңның кез келген аяғына.

 

Бұлақ құйып өзенге арналардан,

Сыр тамсыншы мөлдiреп әр жанардан.

Он, жиырма боп, отыз боп, қырық болып

Шақырып тұр әлi де арман алдан.

 

Бiр өткелден өтсең кеп бiр өткелге,

Жүремiз ғой үн қосып тiлектерге.

Бiзге сексен, өзгеге жетпiс, тоқсан

Жасай берсiн сыр болып жүректерде!

Просмотров: 892 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz