Сезім жайлы сергек сыр - 1 Января 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Қаңтар » 1 » Сезім жайлы сергек сыр
Сезім жайлы сергек сыр
11:05

Сезім жайлы сергек сыр

 

Қарамайды жығылғанға, жыққанға,

Жоламайды көңіл бөлмей, бұққанға.

Әккі жаудай әлек етіп, ал бірақ

Соқпай қояр сырын терең ұққанға.

 

Мүмкін емес торына оның шатылмау,

Ол келгенде болар ұяң батылдау.

Сауды жынды, жындыны сау етеді.

Деп бөлмейді ақымақ-ау, ақылды-ау.

 

Шарап сынды қыздырады қаныңды,

Тамашаға толы етеді маңыңды.

Көңіліңді ғажайыпқа толтырып,

Жалаңаштап кетеді тек жаныңды.

 

Сезім жайлы таусылмайды таласың,

Жоққа сеніп, нанбайтынға нанасың.

Тылсымдардың бәрін сезіп, ал бірақ

Өзіңді өзің түсіне алмай қаласың.

 

Бүтінделмес көңілдердің жыртығы,

Сыртқа шығар жата бермес сыр түбі.

Уақыт өте естен шығып, ескіріп

Жүрегіңде қалады тек тыртығы ...

 

Просмотров: 971 | Добавил: erkin | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Қаңтар 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz