Сөз бен іс - 12 Июня 2011 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2011 » маусым » 12 » Сөз бен іс
Сөз бен іс
12:44

Сөз бен іс

?

Жолап кетсең кейбір жанның қасына,

Ортақ болған аң секілді асына.

Адуындап, күжірейтіп желкесін

Сөз айтады намыс қорлап, басына.

 

Дей алмаймын әліп артын бағады,

Ойланбастан сан-мың кінә тағады.

Жолда жатқан улы жылан секілді

Аямайды, жаныңды кеп шағады.

 

Естіп тұрып, қос құлағың шыдайды,

Құлазиды, көңлің төмен құлайды.

Содан кейін айтпадым деп, о тоба,

Қарғанады, аузына алып құдайды.

 

Қашан болсын жақын тұрар жалаға,

Жағар күйе қосып әйел, балаға.

Айтысқанмен еш абырой таппайсың

Айтқан сөзің оқ атқандай далаға.

 

Жоқ сөзінің пәтуасы, дерегі

Неше түрлі сұмдықтарды тереді.

Өз сөзіне жауап бере алмаса,

Өз ісіне қалай жауап береді?

 

Оларға жат қызғанбау мен күндемеу,

Оларға азап ғайбаттамау, тілдемеу.

Жеңу қиын оларменен күресіп

Ең дұрысы -  естісең де үндемеу.

 

Аман жетіп батар күн мен ақ танға,

Не жетеді тыныш бұғып жатқанға.

Үндеместен қалай бірақ қаласың

Сөз атасы өліп бара жатқанда?

 

Еріп кетпей бос қиял мен елеске,

Шығу үшін алдыңдағы белеске

Айтарыңды айтып өлген дұрыс қой

Бас кесе де, тіл кеспек жоқ емес пе?

 

Басын изер бұл ойымды түсінген,

Көбі қарар мүсіркеген пішінмен.

Дегенмен, жеме-жемге келгенде

Қала берем ыза болып ішімнен ...

 

Просмотров: 513 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  маусым 2011  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz