Республикалық пән олимпиадасына қатысушыларға арнау - 19 Апреля 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3911
Главная » 2010 » Сәуір » 19 » Республикалық пән олимпиадасына қатысушыларға арнау
Республикалық пән олимпиадасына қатысушыларға арнау
16:34

Республикалық пән олимпиадасына қатысушыларға арнау

Асау аттай басылмаған арыны,

Жүрегінде алаулаған жалыны.

Жетелеген биіктерге, алысқа

Қайрат-жігер, қабілеті, қарымы.

Сыр еліне жиналуда жүйріктер

Әр облыстың жүзден озған дарыны.

 

Ғылым мәрмәр тасын қашап, жонатын,

Қиялменен қияларға қонатын.

Тау суындай тасып, ағып, толысып

Кемеңгерлік кемеріне толатын.

Өрге ұмтылып өркениет көшінде,

Өзгелермен бәсекелес болатын.

 

Өнегеден өрнекті ойды өретін,

Білім-теңіз маржандарын теретін.

Бір бағбанның ауласында өскенмен

Жемістерін бүкіл елі көретін.

Ұлттық ойдың діңін құрап, ел көшін

Болашаққа батыл бастай беретін.

 

Арманы асқақ, асу сынды айдағы,

Тоқ бәйгелік тұлпар сынды тайдағы.

Үміт күтіп, үкілеген үздігін

Ауыл емес, аудан, облыс, аймағы.

Жеңімпазы, жүлдегері жарыстың

Қисынды ой мен құнды пікір «қаймағы».

 

Белді буып, биікке бет алғасын,

Кеңітіңдер өмір-өзен арнасын.

Мектептегі арман, қиял өмірде

Таба берсін қолдауы мен жалғасын.

Самғағанда өнер-білім көгіне

Ешқашанда қанаттарың талмасын!

 

Дүйсенбаев Еркін

13 сәуір, 2010 жыл

Просмотров: 649 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Сәуір 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz