Педколледждің кәсіптік оқыту бөлімін бітірушілерге - 26 Июня 2011 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » 2011 » маусым » 26 » Педколледждің кәсіптік оқыту бөлімін бітірушілерге
Педколледждің кәсіптік оқыту бөлімін бітірушілерге
08:59

Педагогикалық колледж бітірушілерге

 

Бәрің де ерекшесің, дарасыңдар,

Бойларда жастық жалын, жарасым бар.

Тәмамдап таным сырын төрт жыл оқып

Бітіріп педколледжді барасыңдар.

 

Өзенде өмір атты өрлейсіңдер,

Кедергі, қиындықта терлейсіңдер,

Күн сайын көріп жүрген құрбыларды

Көп жылдар бұдан кейін көрмейсіңдер.

 

Сан түрлі ортадан дәм татасыңдар.

Сан қилы қызықтарға батасыңдар.

Кездесіп қалған кезде төрт жылдағы

Қызықты тауыса алмай жатасыңдар.

 

Кез келді алаңдамай алға самғар,

Тілекті үміттерге жалғасаңдар.

Іздеген бақытқа да жетесіңдер,

Жоғалтып адамдықты алмасаңдар.

 

Бұл заман санаттыны сыйлы етеді,

Көшіне ере алмасты сүйретеді.

Бұл орда азды-көпті білім берді,

Қалғанын өмір өзі үйретеді.

 

Тілеймін барлығыңды нар болсын деп,

Жалын мен бойда жігер бар болсын деп.

Жаһаннан жолыңды іздеп жүрген кезде

Бір құдай әрбіріңе жар болсын деп.

 

25 маусым, 2011 жыл.

Просмотров: 2522 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/3 |
Всего комментариев: 1
1  
tamasha

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  маусым 2011  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz