Не пайда (Серік Қалиев) - 8 Марта 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Наурыз » 8 » Не пайда (Серік Қалиев)
Не пайда (Серік Қалиев)
00:15

Не пайда?

Серік Мақұлбекұлы Қалиев (лирик ақын)

Дінсіз кетті бір ағам, дінсіз кетті,

Бір рет азан шақырмай үнсіз кетті.
Түртінектеп жүрді де тіршілікте,
Ақіретін ойламай мұңсыз кетті.

 

Көшер–көшпес көңілден…
Көзден кетті.
Жұрты айтқан жылы–жұмсақ сөзбен кетті.
Атақ–абырой, мал–мүлік жинап еді,
Бәрі қалып, қос құлаш бөзбен кетті.

Жаяу кетті, көлігін мінбей кетті.
Көп медальдің бірін де ілмей кетті.
Мүңкір–Нәңкір қоятын үш сұрақтың
Ең болмаса біреуін білмей кетті.

 

«Алтын» басын Аллаға имей кетті.
Шариғаттың шарттарын сүймей кетті.
Тым болмаса жұмада Раббысы үшін
Жайнамазға маңдайы тимей кетті.

 

Бұйрығына Тәңірдің көнбей кетті.
Көрден соңғы өмірге сенбей кетті.
Көкірегінен Дарвин мен Ленин жаққан
Атеистік алауы сөнбей кетті.

 

Күліп келген күнәдан қашпай кетті.
Молда айтқан сөзге құлақ аспай кетті.
Қос дүниелік бақытпен қауыштырар
Құран Кәрім парағын ашпай кетті.

 

Жүрегіне сіңдірмей иман нұрын,
Игіліксіз ғылымнан жиған білім.
Тірісінде тәрк еткен аяттарды
Жатыр оған бағыштап имам бүгін…

Просмотров: 2289 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/20 |
Всего комментариев: 6
6  
Өте керемет шыққан, Машаллах мағанда қатты ұнады. Аллах разы болсын осыдан кейінде алдағы болашақ жастарымыз дін туралы сабақтар алып, Намазға жығылса Аллах риза болар еды

5  
Аллаһ разы болсын ағасы, ақындық қасиетіңізге,дарыныңызға тәнтімін. Өте тамаша жазылған. Сөз сүйектен өтеді демекші, арам судың ағысында жүрген ағаларды сәл де болса ойландырар деген үміттеміз. Ақындық шабытыңыз, қасиетіңіз арта берсін ағасы.

4  
Машаллаһ Серік бауырым Өлеңіңіз өте жақсы Джазакала хайран Аллаһ разы болсын ақындық қасиетіңізді Аллаһ арттыра берсін*

3  
Masha Allah. Serik aga, sizge shalkar shabit tileimin. Olenderinizdi okip oilanbaitin jan jok shigar. Allah razi bolsin!

2  
ризамын

1  
Mashallah

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz