Өмір жайлы төрттағандар - 1 Января 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Қаңтар » 1 » Өмір жайлы төрттағандар
Өмір жайлы төрттағандар
10:50

Өмір жайлы төрттағандар

 

Өнегелі өрнекті ойды өреді,

Не тілесең жұрт тек соны береді.

Күнге теріс қарағандар қашанда

Тек өзінің көлеңкесін көреді.

 

Жұрттың бәрі жете бермес мұратқа,

Ес кіргенде көбейеді сұрақ та.

Неге өмірге келгеніңді сұрама,

Мұны өзгелер сұрамасын бірақта.


Сұр тағдырдың сәттері көп сынайтын,

Төзімі аздар тәлтіректеп, құлайтын.

Тәңіріңнен сұрама сен жеңілдік,

Жігер сұра, сан сынаққа шыдайтын.

 

Болғаннан соң байыбы аздау қонағы,

Мына өмірге көңлің сирек толады.

Айта берме алалығын адамның

Күн бар жерде көлеңке де болады.

 

Дүниенің көп білгенмен дерегін,

Тамырламас таным атты терегің.

Кеңу үшін көкжиегі көңілдің

Көбін емес, білу қажет керегін.

 

Білімдіге бұйырады бақ-шырақ,

Ақылыңмен ала аласың ат сұрап.

Затты терең зерттегеннен зиян жоқ,

Білмегенннен артық білген жақсырақ.

 

Жан тыныштық жалқаулардың жайлы ісі,

Бақытты емес, беделі бар бай кісі.

Көңілшектік кемдік емес, кейде одан

Қиынырақ қызғаныштың қайғысы.

 

Сезім тауып жоғалтасың төзімді,

Билік тауып, жоғалтасың сөзіңді.

Ғұмырыңда ғажайып көп табатын,

Тек жоғалтып алмағайсың өзіңді.

 

Кемел күшің кемиді екен күдіктен,

Береке-ырыс кемиді екен бүліктен.

Азаяды ақыл-айла, қуат та

Ең бастысы – айырмасын үміттен.

 

Тіктей алмай жүргендер көп бекем бой,

Жан жарасын жазу үшін жетер ме ой.

Жүрегіңнен жек көруді жоғалту

Еркіндіктің ең үлкені екен ғой.

Просмотров: 945 | Добавил: erkin | Рейтинг: 4.3/3 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Қаңтар 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz