Махаббат туралы жыр - 1 Января 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Қаңтар » 1 » Махаббат туралы жыр
Махаббат туралы жыр
11:04

Махаббат туралы жыр

 

Жататұғын сан жүректі мекендеп,

Жамау болып, жыртықтарды бекемдеп.

Махаббатты жұрт сан түрлі айтады.

Мен де ойладым осы сезім не екен деп?

 

Әлек етер кеш батпай не таң атпай,

Жаныңа оны қоя алмайсын жолатпай.

Махаббат та жолаушыдай жолдағы,

Шақырусыз келіп қалған қонақтай.

 

Талай адам кездестірер жолынан,

Келмесе де ұстап қалу қолынан.

Махаббат та олжа, табыс тәрізді

Ұнатпайтын қуғандарды соңынан.

 

Жеңіс жиі қолдан қолға көшетін,

Жеңгендердің мәртебесі өсетін.

Махаббат та қанды майдан секілді

Тез тұтанып, тек қиындау өшетін.

 

Белгісі көп құбылатын күн аумай,

Дауасы жоқ суықты емдер бұлаудай

Махаббат та сырқат сынды сап қойып,

Қайта келсе қағынатын тұмаудай.

 

Кең даланың таусыла ма белесі,

Бір биіктен қызықтырақ келесі.

Махаббат та бір құдірет секілді

Көп адамға көрінетін елесі.

 

Тығырықтан таппай жолдың төтесін,

Қаншама рет сынағынан өтесің.

Махаббат та қызық ойын сияқты

Құмарпаздың қыздыратын шекесін.

 

Құпияның қызығы да мол шығар,

Тәуекелге барған жанға жол шығар.

Махаббатқа кім қай жақтан деп қараса

Қатесі жоқ, сезім деген сол шығар?!

Просмотров: 8481 | Добавил: erkin | Рейтинг: 4.7/57 |
Всего комментариев: 131 2 »
13  
soz jok keremet maxabbatti tusinbeitinderge adem jazilgan raxmet

12  
Kuwti jazilgan

11  
Махаббат жырын оте тамаша жырлапсыз!

10  
тамаша!

9  
кушти екен

8  
Сайт оте кушти сизге коп рахмет!!

7  
менің ойымша бұл өлең өте керемет жазылған

6  
жазсандар нармална жазындар

5  
jaksi jazilgan)

4  
ой жарайсың қарындас

1-10 11-13
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Қаңтар 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz