Әйелінен таяқ жеген еркектер - 12 Июня 2011 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2011 » маусым » 12 » Әйелінен таяқ жеген еркектер
Әйелінен таяқ жеген еркектер
12:49

Әйелінен таяқ жеген еркектер

Жыл сайын шамамен 250 000 үйленген американ-дық өзінің әйелінен таяқ жейді екен. Интернеттен

Берілмейін десем де ойға кей бөтен,

Жазылғанды қалай қисық сөйлетем:

Ширек миллион американ жыл сайын

Әйелінен, - депті, - таяқ жейді екен.

 

Таппай қойды осыны оқып ой тыным,

Кірпік ілмей өте шықты кей түнім.

Жаңа ғасыр жаңа дәстүр әкелді,

«Байтал шауып бәйге алады» дейтұғын.

 

Кезең келіп әйел-батыр мақтан боп,

Қызғаныштан кей кеудеге жаққан-ды от.

Кей елдерде әйелдерге басқартып,

«Қатын билеп қараң қалып» жатқан жоқ.

 

Әйел-әмір, оған еркек көне ме

Деп ойлаушы ек, көнген емес немене?

Жер бетінде феминизм бел алып,

Төмен етек шығып алды төбеге.

 

Жанғанымен кеуделерде үмітті от,

Ерлеріңде болмай шықты білік көп.

АҚШ түгіл, қазағыңның өзінде

Әйелінен аса алмайтын жігіт көп.

 

Айтқанменен қанша түрлі ертекті,

Демеуші едік дүниені кер кетті.

Көрмек түгіл, естімеуші-ек біз бұрын

Әйелінен таяқ жеген еркекті?

 

Жан болғасын кеудеде жоқ шаласы,

Сорлы еркектің жоқ әйелмен таласы.

Сол бейшара дүниеге келгенде

Ұл тудым деп қалжа жеді-ау анасы.

 

Бірақ менің бұдан гөрі зор мұңым,

Айтпағанда еріне еткен зорлығын.

Оқ жона алмас әке көріп өскесін,

Баласы да сондай болмақ сорлының.

 

Әйел әркез отбасына өң бермек,

Онсыз еркек сала алмайды жөнді өрнек.

Дегенменен бұл саясат артықтау

Ұран салып жатқан елге «гендер» деп.

 

Кеуделерге өшпегенмен үміттер,

Бүгін бермес еркекке әйел күліп төр.

Мықтыларды адуындар матайтын

Матриархат келе жатыр, жігіттер!

Просмотров: 797 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  маусым 2011  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz