Әйел жайлы әйбат жыр - 28 Февраля 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Ақпан » 28 » Әйел жайлы әйбат жыр
Әйел жайлы әйбат жыр
22:25
Әйел жайлы әйбат жыр


Гүл көркі ғой өңірдің,

Гүл секілді қыздар да.

Бір ғажабы өмірдің

Тоңбайды олар ызғарға!

 

Гүл секілді нәзік, тек

Бар маусымда көктейді.

Сипаттасаң жазып кеп

Сөзің оған жетпейді.

 

Қыз-келіншек гүлденер

Кезі келген уақытта.

Соларменен бір келер

Махаббат та, бақыт та!

 

Ару – арман арнасы,

Жаңа өмірдің желегі.

Өткен күннің жалғасы,

Салдарлардың себебі.

 

Әйел – үйдің қадірі,

Өнегенің өрісі,

Тіршіліктің тамыры,

Ғажайыптың жемісі.

 

Ана – ырыс, құт басы,

Ізгіліктің теңізі,

Дүниенің тұтқасы,

Бар өмірдің негізі.


Просмотров: 772 | Добавил: erkin | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz