Группаластарды іздеу (Жұматаев Болат) - 19 Мая 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » 2010 » Мамыр » 19 » Группаластарды іздеу (Жұматаев Болат)
Группаластарды іздеу (Жұматаев Болат)
00:51
15 апта және 15 жыл өткен соң
(Жұматаев Болат, Дүйсенбаев Еркін)

Сан түрлі сабылыс, сарқынды сағыныш, білмедім,

Ұйқастан теріп сыр, Музаға еріп бір жүргенің?

Серпілтті санамды, қолыңа қаламды алғаның,

Жырға сен бастаған, мен тағы қос таған жалғадым.

Еркін Дүйсенбаев

Альбом ашып, ойым қашып жетелейді өткенге

Шынымен-ақ, студент шақ өтіп бәрі кеткен бе?!

Ағылыпсың, сағыныпсың жетпей-ақ бір көктемге

Енді бірақ өлең құрап жаздың ба он жыл өткенде?!

 

Сан ауылдан, сан мінезді жиналған ек бәріміз

Төрт жыл бірге өмір сүріп жарасып ек сәніміз

Алып ұшқан сағыныштан аспай айтар әніміз.

Жолығуға, толығуға жетпей жатыр әліміз.

 

Тоғыз жігіт, қырық үш қыз- елу екі дастан ек

Әзілі бар, ұтқыр, тапқыр жалындаған жастар ек

Көбі бала, енді ғана жиырма жастан асқан ек

Енді қара, толып сана қаппыз 40 жасқа кеп.

 

Біреуімізде байқалса егер бізге "жаттау” сәл қылық.

Әзілменен түйрер едік "өлімші” ғып, талдырып

Енді бүгін өткен күннің тек елесін қалдырып

Уақыт тауып ауық – ауық есте тұрар жаңғырып.

 

Сондай жерде басшылықта жүруші еді Оңталап

Неге үнсізсің, ағатай-ау, хат сұраймын қолқалап!

Енді үш қызы – ұрпақ ізі, Назымға боп қлғанат

Құрылысқа епті, қырыққа кепті отызыңды орталап.

 

Қысыр кеңес, кертартпа сөз… жөнге көшсе жөп-жөндем

Оу, Қалеке, үн қатсаңшы, әзіліңді көмбесең

Келді кезің, өзіңді өзің болар еді жөндесең

Қышқыл емес, мысқылыңмен ұнаушы едің елге сен.

 

Талғат інім, аманбысың, хабар қайда, хат қайда?

Ашық жарқын ағалаған әзіл қайда, наз қайда?

Болсаң да ірі өмір сыры тым тереңде жатпай ма?

Үнсіз қалсаң түрің емес сырың сенің азбай ма?

 

Пазыл достым, ұнатушы ем әнің толы сағаңды

Сен де үнсізсің, өкпең бар ма, ұмыттың ба ағаңды?

Бізден зорға құтылғандай батырдың ғой қараңды

Біз емес пе ек, басқа емес тек, білетін шын бағаңды?

 

Жәкен, Бәкең…хат келіп тұр, армиядан – алыстан.

Айтар сөзі: өткен күндер – әзілдескен- алысқан.

Болды ма ұмыт кездер күліп "кәріспенен” танысқан

Кино – парк, отырыста "жағдай жасап” жарысқан

 

Тұрсын інім, сен қайдасың-Қызылордада, Шанхайда?

Указ шығып, арақ құрып болмай жүр ме жағдай да?

Молда бопсың албасты арақ қатты тиіп маңдайға

Коммерсант боп – қарының тоқ шығып жүрсің шалғайға.

 

Еркін - Егор, еркелетіп, атаушы едік осылай.

Ой тастайтын өлең жазбай, неғып жатсың жосылмай?

 

Бақша, Зәмзе, Хадишалар - апаларым- алтын қыз!

Кеңес, Зәуре, Қымбат, Жанат - құрбыларым салқынсыз!

Хабар келер, Хат келер деп  Күтіп жүрмін сендерден

Қуанышты, Сағынышты –  Қатар алып теңгерген!

 

25 декабрь 1985 жыл. Түнгі сағат 11.30

23 желтоқсан 2000 жыл. Түнгі сағат 11.45

Просмотров: 608 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz