Группаластарға - 19 Мая 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Мамыр » 19 » Группаластарға
Группаластарға
00:58

Группаластарға

Өткен күнді, бірімізді – біріміз

Сағыныппыз – демек әлі тіріміз.

Өзгермепті өткен күнге қимастық

Өзгергенмен "фигурамыз”, түріміз.

Жаңа өмірге енді ашылған бағымыз

Кездер жайлы толғанша айтып жағымыз

Әлі күнге толып кетер көңілдер

Еске түссе сонау жастық шағымыз.

Сол бір кездер санамызда жаңғырып

Аңыз етіп, ал бәріміз ән қылып

Қайта – қайта ораламыз өткенге

Кеткен жандай бірдемесін қалдырып.

Шаршатқанда тіршіліктің күйбеңі,

Өзгелердің қызғаныш тіл сүйреңі,

Өткен күннен іздейміз кеп бір нәрсе

Үйме шөптен іздегендей инені.

Бірімізге жұмыс болып қол байлау,

Бірімізге жоғарыға жолды ойлау.

Кездесуге тырысқанмен қаншама

Деп ойлаймын ойдағыдай болмайды- ау.

Санамызға тірек етіп нақты ойды,

 Бар назарды күйбең тірлік ап қойды.

Жарты құртты жарып жейтін ақ ниет

Романтика жастық кезде қап қойды.

 

23.12.2000 ж.

Просмотров: 814 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz