Дарындар туралы - 19 Апреля 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Сәуір » 19 » Дарындар туралы
Дарындар туралы
16:35

Дарындар туралы

 

Дарынды ұғу үшін өткір көз керек,

Олар үшін жеткіліксіз сөз-дерек.

Сыртқы түрі басқалардай болғанмен,

Ішкі сыры ерекшелеу, өзгерек.

 

Сезбейді олар кедергіні, көгенді,

Жиі бұзар ойға құрсау, шегенді.

Жатпайды олар болмайдыны байыптап,

Білмейді олар мүмкін емес дегенді.

 

Басқаша ойлау, басқашалау түйсінім,

Санасы да саусағындай бишінің.

Құбылыстың меңгермей-ақ мәнісін

Алдыменен іздейді істің қисынын.

 

Бәрін шарлап, биік шыңға шығады,

Бар тесікке түгел тұмсық тығады.

Жұрт түсінген қалыпты ойды түсінбей,

Басқа адамдар ұқпайтынды ұғады.

 

Санасы да сындарлы ойдан сый көріп,

Тылсымдардың құпиясын игеріп.

Жұрт ойламас сырды біліп, түсініп,

Ел сенбесті жатады оқып, үйреніп.

 

Кешеді ылғи керемет сәт, күй қызық,

Жүрегіне жұмбақтарды сүйгізіп.

Көз көрмеген нысананы көздеп нық,

Жатады анық және соған тигізіп.

 

Қажымайды көрсе де көп азапты,

Мойымайды естісе де мазақты.

Нәтижені жатпағанмен нысап қып,

Әрекеттен алар жанға ләззатты.

 

Құлақ түріп алыстағы сарынға,

Алға ұмтылар бойда қуат барында.

Ел мүддесін еңсеретін ер үшін

Естілерден қолдау керек дарынға!

Просмотров: 615 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Сәуір 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz