Білім мен парыз туралы - 12 Июня 2011 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » 2011 » маусым » 12 » Білім мен парыз туралы
Білім мен парыз туралы
12:34

Білім мен парыз туралы

Ересек американдықтардың жетіден бірі әлем картасынан өз елін таба алмайды екен.

Парыз жүгі түспегенмен арқадан,

Патриоттық басталғанмен партадан.

Әр жетінші азаматы АҚШ-тың

Өз отанын таба алмайды картадан.

 

Ал бізде оны білімсіз деп тілдейді,

Оларды оны құлағына ілмейді.

Тумай жатып, жерді шарлап, ел ақтап

Ең қызығы елін, жерін білмейді.

 

Бір нәрсеге айызың нық қанады,

Өйткені олар іздегенін табады.

Таппағанмен картасынан өз елін

Өз орынын өмірден нық табады.

 

Мынау дерек талайларды мәз етті,

Түсінгенім оқып осы газетті:

Маңызды емес сенің қанша білгенің

Ең бастысы қаншасы оның қажетті?

 

Ақыл кейде орын берген айлаға,

Өзгеге айтам, өзім жайлы ойлана:

Қазынаны біз несіне жинаймыз,

Егер оны жаратпасақ пайдаға?

 

Білімді адам білгеніне мол сенер,

Ал табысың пайымыңмен өлшенер.

Елді таппау айып емес картадан,

Жүрегіңде белгіленген болса егер.

Просмотров: 1089 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  маусым 2011  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz