Бас пен мойын - 12 Июня 2011 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » 2011 » маусым » 12 » Бас пен мойын
Бас пен мойын
12:48

Бас пен мойын


 

Ойлағанмен бұл шын емес, ойын деп,

Мысал етіп адамның бар бойын кеп:

Басты еркек деп, ал әйелді айтпай ма

Сол басыңды бұратұғын мойын деп.

 

Аңызды да астарымен жырлай ма,

Шындық қайда, тек әшейін сыр қайда?

Аңдар болсақ, басты, мойын өзі емес

Сол бастағы ми айтқасын бұрмай ма?

 

Деп айтқанмен, мойын – бастың құрбысы,

Бұрудың да сол бір баста тұр күші.

Мойындар бар қалатұғын сіресіп.

Кейбір бастар келген кезде бұрғысы.

 

Мойындаймыз ақиқатты құрандай,

Сөзде мән жоқ айғағымен құралмай.

Тек бастар бар бұрылғысы кеп тұрған

Мойындарды жататұғын бұра алмай.

 

Ақыл басқа азап мойын жетегі,

Олар оны мойындамай өтеді

Деп өзімді жұбатқанмен, кей кезде

Көргенімнен көзім шығып кетеді.

 

Жазды деме есті адамдар жазбасты,

Көңілдердің ауылынан жаз қашты.

Қашпай нетсін, кетіп жатса жетектеп

Қазіргі күн қаз мойындар таз басты?

 

Осыны ойлап, көңілімнің күйі жоқ,

Серпіле алмай жігерімнен жиып от.

Қаншама адам жүр ілесіп мойынға,

Басы бар да, тек ішінде миы жоқ .

 

Парасатың пайымыңмен екшелер,

Уақыт өтті қайрат-күшке тек сенер.

Бастың қандай қасиеті болады

Жетегінде мойындардың кетсе егер?!

Просмотров: 768 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  маусым 2011  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz