Ата-ананың ықпалы немесе ұстазға арнау - 9 Марта 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Наурыз » 9 » Ата-ананың ықпалы немесе ұстазға арнау
Ата-ананың ықпалы немесе ұстазға арнау
08:24

Ата-ананың ықпалы немесе ұстазға арнау

Арлы ата-ана баласын есті қылар,

Әрбір үйге өзіндік дәстүр ұнар.

Адамдыққа баулуда өз баласын

Ата-ананың болады бес түрі бар.

Жолын нұсқап балаға таза бақтың,

Жатса үйретіп адамдық, ғажап-ақ тым!

Шаттық құяр көңілге, отбасында

Өсіп келе жатқаны азаматтың.

Зиянды ғой шектен тыс сезімшілдік

Ондай кезде ашпайды көзін шындық

Ер жеткенше баласы, білмейтін бар

Тәрбиелеп келгенін өзімшіл ғып.

Сәйкес келмей тірлігі ниетіменен

Жүргендер бар тұрмысты етіп өлең

Ерте кетіп, кеш келіп жүргендер бар

Балаларын жіберіп бетіменен.

Оңай емес өсіру етіп ізгі,

Ұят-оттан шет ұстап бетіңізді

Сөз бен ісі сай келмей, көлгірсумен

Бала өсіріп, біреу жүр, екі жүзді.

Ең қиыны-қасиет болмағандық,

Баланың жоқ бойында онда адамдық.

Қауіптісі кісәпір ата-ана ғой

Бала өсіріп шығарған оңбаған ғып.

Бүтін болса жақсы ғой ғұрып-кешен,

Ұмтыл алға, қиыннан үрікпесең

Тәрбиелеу баланы өте қиын

Ата-анамен бұл жолда бірікпесең.

Соқпау үшін біреуі жарға басын,

Ата-анамен баланың жалға арасын.

Екеуіне көмекші, кеңесші бол

Тәрбиеде кәсіпқой сен ғанасың!

Просмотров: 2200 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 3.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz