Асқар Жұмаділдаев ағаға арнау - 7 Марта 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » 2010 » Наурыз » 7 » Асқар Жұмаділдаев ағаға арнау
Асқар Жұмаділдаев ағаға арнау
23:57

Асқар Жұмаділдаев ағаға арнау

Дарындарға толы қазақ даласы,

Даралыққа  бәрінің бар таласы.

Асқар аға – асқар таудай ағамыз,

Шиелінің шетел білген баласы.

Таным менен тапқырлыққа талап қып,

Танытқан ол сан сынақта болаттық.

Он үшінен олимпиадаларға қатысқан

Облыс емес, республикалық, одақтық.

Намыс көріп мехматта мүлгуді,

Әдет қылған тереңдерге сүңгуді.

Лениндік стипендиат атанып,

Бітірген ол үздік болып МГУ-ді.

Жандыратын өрнекті өлең өртін де,

Тұра алатын әркез айтқан сертінде.

Кандидаттық диссертация қорғаған

Сол МГУ-де дәл жиырма төртінде.

Керемет қой жортқан талай көк бөрі,

Қазыналы Қаратаудың бөктері.

Физматтық ғылымдардың қазақтан

Отыз бірде болған тұңғыш докторы.

Жан емес ол мәнін білмей сарнаған,

Биіктерге жетелеген арман-ән.

Зерттеулерін Ли алгебра-сының ол

Когомология теориясына арнаған.

Есімі оның еліміздің мақтаны,

Абыроймен атқан әрбір ақ таңы.

Еректігі – ассоциативті емес бір

Алгебраның тепе-теңдіктерін тапқаны.

Болғандықтан санаты тым жоғары,

Мықты елдердің ең құрметті қонағы.

Германия, Италияда түстенсе,

Швеция, Канадада қонады.

Математикалық институттар құмар тым,

Кереметі көнермейтін шын алтын.

Мемлекеттік стипендиат боп АҚШ-та,

Жеңіп алған Швецияның грантын.

Батылдыққа байлаған ол белін нық,

Жасамаған өзіне әсте жеңілдік.

Боп Жоғарғы кеңеске де депутат,

Ол – лауреат Комсомолда Лениндік.

Таным десе тарқамаған құмары,

Асқар аға – сұңғылалық сыңары.

Құмдағы өскен кеше қара домалақ -

Шыңдағы өскен бүгін қазақ шынары.

Просмотров: 1586 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 1
1  
Асқар ағаны қалай мақтасақ та болады.Өзім аға туралы бір материал көрсем оқуға тырысамын."Аға не айтты екен "деп.Қазақта сіздей азамат бар екенін мақтан етемін.сіздің бір мақалаңызда "баланы ойлауға үйрету керек"дегенсіз,мен осы сөзді өміріме ұран етіп алдым,жанымдағыларға айтып отырамын.Есеп беріп,шығарған балаға қалтаңыздан ақша беретініңіз айтсам адамдар таң қалады.Мүмкін емес деп,себебі басқалар алуды білетін заман болып кетті ғой.Денсаулық,бала-шағаңыздың қызығын көріңіз.Ойлаған мақсаттарыңызға жете беріңіз.Сізге қарап,үлгі алып өсіп келе жатқан қарындастарыңыздың бар екені есіңізде болсын.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz