Ардагер ағамен кездесу - 9 Марта 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Наурыз » 9 » Ардагер ағамен кездесу
Ардагер ағамен кездесу
10:33

Ардагер ағамен кездесу

Оңай емес алшаң басып алға аттау,

Әрбiр iстi керек терең салмақтау.

Мен бiлетiн бiр ерекше қағида:

Елдi сүю – азаматын ардақтау.

 

Аяқ-асты жол түсiрiп бiр ағын,

Iздеп барып, тауып алып тұрағын

Жалғызбасты қарт майдангер ағаның

Арнайылап хал-жағдайын сұрадым.

 

Сонда қартым, шырт түкiрiп тастады,

Бiр күлiп ап, әңгiмесiн бастады:

- Денсаулықтық айтшы, несiн сұрайсың,

Селкiлдеген қарттан сексен жастағы?!

 

Iздемеймiз тыныштықтан басқаны,

Шүкiр, ашық елiмiздiң аспаны.

Кәрiлiктiң белгiсi ме, соңғы кез

Ауру-сырқау айналдыра бастады.

 

Күйбең тiрлiк болып жиi қолбайлау,

Былай қалды атамекен елдi ойлау.

Балаларға көп өсиет айтушы ем

Ендi оны да азайтпасам болмайды-ау…

 

Арыны жоқ баяғы нық екпiннiң,

Әсерi мен жалғыз өткен көп күннiң?

Жiгерiне қуат берер ағаның

Сөз айтпасам болмайды екен деп бiлдiм.

 

-Аға,-дедiм,-қазiр нағыз шақтасыз,

Қан майданда сыз окопта жатқасыз,

Қанша досты қара жерге тапсырып,

Қайғы жұтып, мұңның дәмiн татқасыз.

 

Дүйiм елдi зұлым жаудан сақтаған,

Ер атанып ел үмiтiн ақтаған.

Сiз емес пе жеңiспенен оралып,

Келгесiн де тыныш қарап жатпаған?!

 

Қарауылсыз жемiс толы баққа сiз,

Әлi де елге еңбек етер шақтасыз.

Берiлмеңiз сырқат пенен ажалға,

Қарт жауынгер, Сiз әлi де саптасыз!

 

Болмаған соң бұдан басқа айтарым,

Белгiлi ғой келген iзбен қайтарым.

Бiрақ қарттың алғашқы сұр жүзiне

Шамалы қан жүгiргенiн байқадым …

Просмотров: 689 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz