Ардагер ағаларға арнау - 9 Марта 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Наурыз » 9 » Ардагер ағаларға арнау
Ардагер ағаларға арнау
10:31

Ардагер ағаларға арнау

Мерекеде тау суындай тасиық,

Той жасайық дастарханға ас үйiп.

Ағаларға арнау-өлең айтайық

Аға ұрпақтың ерлiгiне бас иiп.

 

Ерге мiндет – өз елiнiң ертеңi,

Жаудан қорғау туып өскен өлкенi.

Өмiр-өлiм майданында жасаған

Ерлiктерi адам сенбес ертегi.

 

Жайқала алмай жастық шақтың бағында,

Қарсы шыққан ажал атты ағынға.

Көзбен көрген зұлымдық пен зұлматты

Жиырма жасқа толар-толмас шағында

 

Күнмен емес, сәтпен өлшеп уақытты,

Азаптардың дәмiн әбден татыпты.

Талайлары келмес жаққа аттанып,

Жақындатқан келер күнгi бақытты

 

Тажалменен тура келiп беттескен.

Сол кезеңнiң куәсi боп от кешкен,

Мерекенi күтiп үнсiз тұрады

Шинельдерi жамау-жамау оқ тескен.

 

 

Жаяу барған жау ордасы Берлинге

Омырауы толы медаль, орденге

Кеудемiздi зор қуаныш кернейдi,

Ағаларды арамыздан көргенде.

 

Өрт түсiрмей болашақтың бағына,

Жеңiс туын тiккен жаудың тағына.

Ауылына аман-есен оралып

Еңбек еткен аянбастан тағы да.

 

Тағдыр үшiн тайталасқан тартыста,

Өмiр жеңдi жекпе-жекте тар, қысқа

Дүниеге келген тұңғыш Жеңiстер

Бүгiндерi келiп жатыр алпысқа.

 

Тәуба қылып табысына күзiнiң,

Сыр ғып шертiп өткен өмiр үзiгiн

Өздерiне бақыт санап көргенiн

Немере мен шөберiнiң қызығын.

 

Әрбiр жанды алға сүйрер арман-ән,

Қолдау тапса өмiр атты арнадан.

Аман болсын ардақты алтын көпiрлер

Өткен күндi келер күнге жалғаған!

Просмотров: 1393 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz