Қызыма арнау - 28 Февраля 2010 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Ақпан » 28 » Қызыма арнау
Қызыма арнау
22:55

Қызыма

 Кішкентай қызым маған бірде: папа, мен бәрін білемін,-деп мақтанды. Мен оның көп нәрсені білмейтінін өзі әлі білмейтінін біліп, күлдім де қойдым. Бірақ, өкінгенім жоқ, қайта қуандым.

 Айтпа деп олай өтінген жоқпын,

Айтуға тіпті бекінген жоқпын.

Білмейтіндігін біліп тұрсам да

Қуандым оған, өкінген жоқпын.

Кермек дәм бармай таңдайға тіпті,

Көңіл де бөлмес жағдайға күпті.

Ересектердей есі шықпайтын,

Сәбидің бәрі қандай бақытты!

Күлесің жиі күндей сыңғырап,

Мазасыз ойлар жүрмейсің құрап.

Білемін дейсің барлығын, қызым,

Көп нәрселерді білмейсің бірақ.

Білім нәріне тойғаның дұрыс,

Білместіктерді жойғаның дұрыс.

Өмірдің бірақ жаман жақтарын

Білмей-ақ сенің қойғаның дұрыс.

Тұлпармын деген есекті білмейсің,

Күндестік, бақай есепті білмейсің.

Көзіңше күліп, артыңнан бірақ

Айтылар арсыз өсекті білмейсің.

Кеудесі толып, асқанды білмейсің,

Асқаны сонша тасқанды білмейсің.

Тағдырын жұрттың тәлкек қып қойып

Барлығын белден басқанды білмейсің.

Әліптің артын баққанды білмейсің,

Артыңнан оғын атқанды білмейсің.

Өзінің көңлі қара болғасын

Аппаққа күйе жаққанды білмейсің.

"Басына бақыт қонғанды” білмейсің,

Тоған боп "сусыз толғанды” білмейсің,

Айналып тұрған, бірақ жүрмейтін

"Бесінші дөңгелек” болғанды білмейсің.

Қарайып атқан ақ таңды білмейсің,

Есікті қатты жапқанды білмейсің.

Өз пиғылы үшін өзгені күндеп,

Несібе-құттан қаққанды білмейсің.

Амалсыз "ит боп үргенді” білмейсің,

"Тесікке жыртық күлгенді” білмейсің.

"Ардақты аға-апалардың” күшімен

Айлықсыз алты ай жүргенді білмейсің.

"Арыстан айға шапқанын” білмейсің,

"Түймеден түйе” тапқанын білмейсің.

Өңмеңдеп тұрып, өзім білемдер

Ақыңды бермей жатқанын білмейсің.

Талтаңдап жүрген тәй-тәйді білмейсің,

"Визасыз кірме, қайқайды” білмейсің.

Жап-жас адамның бюрократ болып,

Надандық еткен айқайды білмейсің.

Күзі болмайтын көктемді білмейсің,

Ізі болмайтын өткенді білмейсің.

Жұмысы жоқтай жұмысқа келіп

Күн үшін келіп кеткенді білмейсің.

Орныңды таппай жүрмеген дұрыс,

Бар іске білек түрмеген дұрыс.

Көп нәрсе білу керек те шығар,

Кей жайды бірақ білмеген дұрыс!

Кермек дәм бармай таңдайға тіпті,

Көңіл де бөлмес жағдайға күпті.

Ересектердей есі шықпайтын,

Сәбидің бәрі қандай бақытты!

Просмотров: 1689 | Добавил: erkin | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz