В.Монахов туралы жыр - 1 Сентября 2008 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2008 » Қыркүйек » 1 » В.Монахов туралы жыр
В.Монахов туралы жыр
11:24

В.Монахов туралы

-Кім ол Монахов деген?! Өзімізде жоқ па ондай білгіштер?

(Екеуара әңгімеден).

Бұл ғалымды, ғұламаны, анығы

Бүкіл әлем мойындады, таныды,

Ол мектептің болашағын болжаған

Ақпараттандыру саласының алыбы!

Шығармақ боп елді ертерек ескі ізден,

Сол салада жаңаша бір көш түзген.

Жазып шыққан оқулығы сексендей,

Жалпы еңбегі асып түсер бес жүзден!

Сөздің мәнін, білген істің парқын да,

Бағалаған білімнің шын нарқын да.

Өзініше бір мектеп ашқан ғылыми

Екі жүз ғалым шәкірті бар артында!

Еңбегі ерен алатындай ел еске,

Білігімен шыққан биік белеске.

Жүрісі мен жұмысы аздай былайғы

Мүше боп жүр төрт докторлық кеңеске!

Әдістеме әлемінің тапқыры,

Ойдан шыққан ұсыныс көп нақты, ірі.

Жеңілдетер ұстаз, шәкірт еңбегін

Он бір шектес технология авторы!

Технологиялық жобалаудың дастаны

Өзінше жыр, айтпағанда басқаны.

Россияда “Монаховпен” жүруде

Мектептердің алты мыңнан астамы!

Жатып алмай кеңге салып арқаны

Мойымастан мойынға жүк артады.

Мемлекеттік марапаты есепсіз

Екі ордені, төрт медалі бар тағы!

Ерік бермей қарттық, ауру-сырқауға

Қыран құстай қияларға шырқауда.

Қырықтағыдай қылшылдаған қартыңыз

Жетпісінде шаңғы теуіп жүр тауда.

Кемелдік пен кемеңгерлік көгінде

Қанат қаққан қырық бес жыл кемінде.

Мәрттігі ғой, қаржы бермей жатқанда

-Жұмыс жасай берем,-деді,-тегін де.

Алты ай бұрын жоспарланған уақыты

Бұл кісіңіз жаңалықтың жақұты.

Білген жанға өзіндік жол бастауы

Бастаманы бастай алу бақыты.

Ғалым келсе жерімізге келді ырыс

Бұл шақыру шешім болды ең дұрыс.

Тағы келді қарт Қаратау баурына

Россиялық ғылымдағы Эльбрус!

Шабыттанып шыңға біткен шынардан,

Жан-жағынан аумалайды мың арман.

Тура келіп тірі алыппен сырласып

Ұстаз қауым шығып жатыр құмардан.

Сезіне алмай шапақ шашқан арайды,

Кейбіреулер кекесінмен қарайды.

Уақыр бәрін орынына қояды

Күдік бұлты бірте-бірте тарайды.

Қазақ деген атымызды ақтайық

Қонақжайлық қалпымызды сақтайық.

Инновациялық инвестиция алып ап

Ертең соны игере алмай жатпайық!

 

Дүйсенбаев Еркін, 16 тамыз 2007 жыл

Просмотров: 894 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Қыркүйек 2008  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz