Үштаған (әзіл арнау) - 1 Сентября 2008 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2008 » Қыркүйек » 1 » Үштаған (әзіл арнау)
Үштаған (әзіл арнау)
11:11

Ағаларға арнау

Курстағы ұлдар саны тоғыз болғанымен, теріскейдегі Пазыл мен Оңталап және Болат сынды үшеуі өзара жақсы араласуда. Жасы үлкен болғанымен, шашының қаралығына қарап, Оңталапқа Қаратау деп, самайыне ертерек қырау түскен Болатқа Алатау деп, ал теңізге өзі ғана емес, көзі де түстес болғасын Пазылға Көк Теңіз деп ат қойдым.

Қазалылық Қаратауға

Айып етпе, айтар сөзді таңдамай

Артық кетіп жатсам егер аңдамай.

Қарағанда қарауытып тұратын

Қазалылық Қаратауым, хал қалай?

Орыны бар осында ерек ойдың да,

Артық жері болар кейде бойдың да.

Тұрмағанмен асқақ қарап, көк тіреп

Қаратаудың қасиеті – қойнында.

Мейлі, тіпті, қара болсын білегі

Жылытады тұла бойды жүрегі.

Тағы, тағы жылы жерлер бар онда

Оны бірақ Үлкен Жанар біледі …

Байқоңырлық Алатауға

Ойың асқақ, тапталмайтын табанға,

Содан артық өзгелерден бағаң да.

Аппақ болып мұнартатын алыстан

Байқоңырлық Алатауым, аман ба?

Сол баяғы әдетіңнен танбастан,

Басқалармен әзілдесіп, арбасқан.

Шыршалары селдір-селдір боп өсіп,

Аппақ болып, басын түгел қар басқан.

Азық болып әзілі мен күлкісі,

Қойнауында бар бір аппақ «түлкісі».

Құз-шыңдардың жықпыл-жықпыл арасын

Бес саусақтай біледі анық бұл кісі.

Аралдық Көк Теңізге

Сырдан алған арнасының негізін,

Құмға апарып тірер бірақ көп ізін.

Екі таудың ар жағынан көрінбей

Жатсың ба аман, айдын шалқар Теңізім?

Сан қызықтан келген көп жыл құр қалып,

Жүрегінен сағынышты жыр тамып.

Сырдың суы аздау жеткен Аралдай

Жаттың үнсіз буырқанып, бұрқанып.

Білем көңіл қызыққа бір қанарын,

Жақсылық та көп күттірмес хабарын.

Аларған бір жанарыңнан қаймықпай

Жалын атсын жаныңдағы Жанарың!

Просмотров: 920 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Қыркүйек 2008  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz