Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес - 1 Сентября 2008 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » 2008 » Қыркүйек » 1 » Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес
Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес
10:00

Жаста берген тәрбие

«Ұлың өссе, ұлықтымен, қызың өссе, қылықтымен қоңсы бол» деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Қытайлықтар «бір жылдығыңды ойласаң күріш ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек, жүз жылдығыңды ойласаң бала тәрбиеле» дегенде,  бала тәрбиесінің тамыры тереңде екендігін меңзесе керек. «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» болсын десек, ұл мен қыздың құлағына өсиет пен кеңестерді ертерек сіңіре беру керек секілді.

Ұлдарға өсиет

Үлкен болсын, болсын құрбы-замандас,

Барлығымен қазақшалап амандас.

Тек ізгілік тұрсын ойға ұялап,

Қайта соғар біреуге еткен қиянат.

Болғың келсе елге сыйлы бір ұлан,

Ұстаз сыйлап, өнеге үйрен, білім ал.

Дүниеге тым құмартып, құнықпа,

Ондайда заң ілер бір күн құрыққа.

Әлсіздерге бостан-босқа соқтықпа,

Толтырма ауыз балағат пен боқтыққа.

Жігіт болсаң, болсын ірі тірлігің,

Ел-жұртыңның ойла қамын, бірлігін.

Бар байлықты табасың тек еңбектен,

Қор болмайды іспен маңдай терлеткен.

Жұрт қызықсын сенің әрбір ісіңе,

Үлкенге сый, көрсет ізет кішіге.

Жау табалап, теппеу үшін ел шетке,

Ата-анаңа әдепсіздік көрсетпе.

Жастайыңнан сақта дәстүр-салтыңды

Жігіт болсаң қадір тұтқан халқыңды.

Қыздарға кеңес

Қай кезде де түзу болсын сәлемің,

Қадір тұтар сонда сені бар елің.

Білімді бол ісмерлікке бейімді

Өміріңе керек болар кейінгі.

Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,

Үлкен жолын кесіп өтпе көлденең.

Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба.

Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.

Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан

Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан.

Қума босқа мақтан менен желікті,

Қыз дегенің қылығымен көрікті.

Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,

Содан шығар өсек пенен өтірік.

Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін

Ата-анаңды сыйлап өту борышың.

Биязылық сенен тапсын жарасым,

Сақта есіңе, сен болашақ анасың.

Жастан үйрен ұлттық әдеп-ғұрыпқа,

Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!

 

Просмотров: 11405 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 4.6/21 |
Всего комментариев: 10
10  
тамаша нағыз қазақ қыздарына арналған

9  
унадыы

8  
өте тамаша маған катты ұнады"!

7  
Тамаша! қыздарымыз сыпайы,жігіттеріміз жігіт деген атқа лайық болса екен деген тілегім бар

6  
Еңбегін өнімді, шығармашылығың шырқай берсін!

5  
Пах шiркiн-ай!!! онер алды кызыл тiл демекшi, жарадын Алланын нуры жаусын шыгармашылыгына!!!

4  
Тамаша! Авторы кім?

3  
Оте тамаша!

2  
оте керемет!!!

1  
оте керемет! жаксы әсер алдым!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Қыркүйек 2008  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz