Нөлдің номенклатурасы (ертегі желісімен) - 1 Сентября 2008 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2008 » Қыркүйек » 1 » Нөлдің номенклатурасы (ертегі желісімен)
Нөлдің номенклатурасы (ертегі желісімен)
09:16

Басы жоқ бастықтар жайында

Барлығын Қ мен К (қаржы мен көке) шешетін қазіргі заманда көп саланы сол саладан білім мен білігі аз адамдар басқаруда. Шолақ белсенділіктің көкесі соларда. Бүгіннің бірдеңесі болар-ау, бірақ ертеңгі ел басқаратын бүлдіршіндер бұдан қандай қорытынды шығаратынын кім білсін?!

Нөлдің номенклатурасы (аңыз)

Бір аңызда баяғының аңдары,

Жиылып кеп жыл басына таласқан

Тек олардың жайсаң еді жандары,

Сондықтан да орнын тауып жарасқан.

Сол секілді қазіргінің сандары

Былайша да жүретұғын санасып,

Күндестіктен қарайды ма қандары,

Қалды бір күн басшылыққа таласып.

Барлық сандар сан осіне қарасты

Бір-бірінің артық-кемін електеп,

Нағыз қызыл кеңірдек боп таласты

Бас нүктеге кім отыру керек деп.

Бір құмарлық жегідей жеп жандарын

Қиын екен билік дейтін құрғырың

Әшейінде моп-момақан сандарың,

Жеп қоюдан тайынбады бір-бірін.

Бәсекеден былай қалды біріңіз,

Есін жиды екіленген екің де

Бір таңбалы сандарға іріңіз

Тоғыз қалды тайталастың шетінде.

Қасиетті жеті ортаға түсіп ед,

Минус жеті жатып алды жолына.

Мына менен оның мәні кіші деп

Сегізің де түсіп берді соңына.

Мекен болған талай алып, заңғарға

Шекіскенде шексіздік те бар екен,

Сан сәуледе мекен еткен сандарға

Арнайы бір қарсыластан бар екен.

Талай сандар үмітінен қағылды

Былайғы кез кеудеге нан пісетін.

Әрбірінен мықтылау сан табылды,

Алдыңғыдан шамалы асып түсетін.

Осы кезде нөл ортаға келеді,

Ешбір санға ештеңе алып, қоспайтын.

Бұл кәдімгі үндемейтін нөл еді

Мықтыларды қарсыласпай қостайтын

Өзгелерден ерекше еді нөл деген,

Бойында бар басқаларда жоқ қылық:

Ол сандарды ешқашанда бөлмейтін,

Ал көбейтсе жіберетін жоқ қылып.

Ерекше жай ессіз етер естіңді,

Деген сөздер осы жерде шын болды.

Әшейінде мойындамас ешкімді,

Неге екенін, мықтылар да жым болды

Басқалардың жағасына жармасқан,

Нөлге тіпті қарсылас та шықпады.

Осылайша талай мықты арбасқан,

Тайталаста нөл ерледі, мықтады.

Бас нүктеге солай ерек сан барды,

Мінез тапты менсінбейтін басқаны,

Бір-біріне қарсыласқан сандарды,

Екі жаққа реттеп, тізіп тастады.

Орналасты, болып соның жарлығы,

Сан сәулеге бүтіні де, бөлшегі

Оны айтасыз, сан біткеннің барлығы

Өз шамасын нөлге қарап өлшеді.

Талай сандар іштен тынып, тайқып жүр,

Айтылмай қап тура сөздің төтесі.

Тек ішінен кейбіреуі айтып жүр,

Нөлекеңнің мықты екен деп көкесі.

P.S.Алалықсыз бұл өмірдің сәні жоқ,

Тағдырға ешкім алмас сірә, өкпелей

Тек басшының болғаннан соң мәні жоқ,

Басқасы да құнсызданып кетпегей ...

Просмотров: 1031 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Қыркүйек 2008  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz