Дін Ислам – деңгегім (Мұхамеджан Тазабеков) - 24 Августа 2008 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2008 » Тамыз » 24 » Дін Ислам – деңгегім (Мұхамеджан Тазабеков)
Дін Ислам – деңгегім (Мұхамеджан Тазабеков)
18:33

Имандылық иірімдері

Өткенде Махамбеттің бір өлеңінен «Мұсылманшылық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ ...» деген жолдарды оқыдым. Шынында да, тіліміз сайрағанымен, имандылық жөнінен көкірегіміз көр соқыр екені анық. Осыған орай, Мұхамеджан Тазабековтің «Дін Ислам - діңгегім» атты жыры көңілге көп ой салары айқын.

Дін Ислам – деңгегім (үзінді)

(Мұхамеджан Тазабеков)

 

Жігітті жастық шақта еркі жеңер,

Сеніммен ұстамалса сертің егер.

Аллаға құл, адамға ұл болу ғой,

Намазға кеп түйіссе тең тізелер.

Ақын намаз оқыса хақты танып,

Алдымен аузындағы сөз түзелер.

Он күнәнің тоғызы тілден екен,

Сөз түзелсе, Иншалла, ел түзелер.

...

Бұл күнде қай жағдаймен мақтанайық?

Бүлдіргі көп діндерден сақтанайық.

Түбім Түрік, ал дінім хақ Ислам,

Солай қарай сеніммен аттанайық.

Харам менен Халалды ажыратпай

Қай тірлікпен біз бүгін  шаттанайық?!

Бұрынғының ұраны – Аллаһу Акбар,

Бүгінгінің ұраны “ап қояйық”.

 

Біз Қазақ бүгіндерде кіммен доспыз?

Адасып айдалада жүрген көшпіз.

Арабтың тіліндегі дінмен емес,

Арақтың түбіндегі жынмен доспыз.

...

Өмірде аз болған соң иманды шақ,

Қазағым қай кезде де қиналғыш-ақ.

Исламға иіс алмас болса-дағы

Иегова, Кришнайдқа иланғыш-ақ.

Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп

Исаны құдай көрген Иван құсап.

Өзге дінге көбейсе өтушілер

Сол болар тамырыңды қиған пышақ.

Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып

Екі дінге бөлінген Ливан құсап.

...

Өзгелер көп жүргізер үстемді елге,

Аллаға ғибадат аз істелгенде.

Бұл Қазаққа Ислам, Иман керек

Кісі өлгенде немесе түс көргенде.

Неге ілім, білімге талпынбайды

Бәрін біліп туғандай іштен пенде.

Ертең бірақ өкініп қаламыз-ау

Қарттық келіп қасыңа түстенгенде.

Ажардан нұр, базардан құның кетіп

Ажалдан адуынды күш келгенде.

...

Қазағым кейде рас, Құлагерсің

Құлагер қашан енді құлап өлсін?

Жарнамаға алданып жастарымыз

Көңліне қайдан иман-шуақ енсін?

Патшаға шындық айтар ақсақал жоқ

Оған да халқым өзің куәгерсің.

Шал басымен қыз іздеп, шарап ішсе

Аузында қайдан оның дуа болсын?

...

Келмейді бұл Қазаққа сырттан қайғы

Сырттағы елге өзі де сұқтанбайды.

Алдын алып көрмеппіз аурудың

Дертің де дер кезінде құнтталмайды.

Есіріп, есі кеткен жас буындар

Ертең ұлық болғанда ұлтты алдайды.

Жастарында тәрбие, тәлім болмай

Жұлдызы жанып тұрған жұрт болмайды.

Ағаштың да діңгегін ақтап тұрсаң

Өріктің өзегінде құрт болмайды.

...

Жаратқанға сенбейтін жамағат көп,

Жүргенменен дені сау, саламат боп.

Бүгінгінің байына қарап тұрсаң,

Қалтасы бар, түбінде қанағат жоқ

Бүгінгі кедейлерге қарап тұрсаң,

Қайраты бар, қолында қаражат жоқ.

Тәнін сатқан тәлімсіз ұрпағың бар

Жүзінде иман, жүректе махаббат жоқ.

Діні пәс, діңгегі бос қариялар бар

Аузында Алла, артында аманат жоқ.

Жырмасыншы ғасыр да аяқталды-ау

Кедей кердең, байын да шарапат жоқ.

...

Кешегі Құнанбайлар бұрқасындай,

Салмақты болған екен кір тасындай.

Арсызға қатал, қатты болғанменен

Халқына болған құстың ұлпасындай.

Қазыналы қарттарым бар ма қазір,

Қасиеті сақталған құлпы ашылмай??

Ақсақалы өнегелі болса егер де

Қалмас ек қыз қысылмай, ұл тосылмай.

Ермегі елге бөліп, жерге бөліп

Жүзшілдігін және де жүр жасырмай.

Сауап емес, іздегені сауна болып

Алла емес, арақ-шарап шын досындай.

Балық өстіп басынан шіріп жатса,

Қала ма ұлт басылмай, жұрт жасымай?

Үлкенге үлгі, кіші демеу болар

Бүгінгі кей қарияның сиқы осындай.

...

Әріден түсінейік әрбір жайды

Ешкім келіп шамыңды жандырмайды.

Аузыңа әкеп ақ майды салмаса да

Өкімет өзегіңді талдырмайды.

Пейілің мен ниетің тарылмасын,

Сабырлы адам ашуға алдырмайды.

Адамдарға ауызды берген құдай,

Нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды.

 

Көбейіп күнә менен күпіріміз,

Азайды тәубә менен шүкіріміз.

Ертеңгі нанды қалай табамыз деп

Күрт кеміп кетті кейде күтіміміз.

Сыртқа жүнді қампайтып көрсеткенмен,

Рухани жағынан жұпынымыз.

Барыс болам деп жатыр кейбір жандар,

Оған біз ой қосуға құқылымыз.

Азғындықтан халықты құтқармайды

Азайса ар-ұят пен қытығымыз.

Намысқа тырыспасақ түк өнбейді,

Барысқа ұқсаса да бітіміміз.

Тірліктің мәні бар ма, сәні бар ма

Іште өлсе иман менен пікіріміз?

Өмірде өшу оңай, өсу қиын

Аллаға айтылмаса зікіріміз.

Тауда жүріп таусылған барыс құсап

Кеміп кетіп жүрмесін тұқымымыз …

Просмотров: 31418 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 4.9/54 |
Всего комментариев: 221 2 3 »
22  
Бұл өлең өте тамаша жазылған. мен бұл өлеңді толығымен жаттап алғам, өте әсем өлең.

21  
Бұл өлең өте тамаша жазылған. мен бұл өлеңді толығымен жаттап алғам, өте әсем өлең.

20  
Керемет әсер қалдырытын өлең шумақтарын қалай мақтамасқа! Мұхамеджан Тазабеков ағамызға айтатын алғысым шексіз! Әрине мен ғана емес бүкіл Қазақстандық азаматтар үлгі тұтар, пір тұтар нағыз нар тұлға десем қателеспейтінім, артық айтпасым айдан анық. Осы ағамыздай ер азаматтар көбейе берсин! Барлығымызға алланың нұры жаусын иншаллах!!! Ал бұл өлең шумақтары менің ең таңдаулы қызығып тыңдайтын өлеңдерімнің ең сүйіктісі...

19  
Ассаллаумағалейкум! Аллах разы болсын ага? Сіздердің жасап жатқан жұмыстарыңыз қазыргі заманымызда ағартушылық десек артық болмас, Өйткені Кеңес отарынан шыгып болашак ұрпақты сол кеңес тәртібімен тәрбиелемекші кей аға буын өкілдеріне кішкене болсада жаңа сана калыптастырады деген ойдамын. Осы ағаларымыздың жумысын әрі қарай дамып, әрі карай жетістіктерге жете беруіне АЛЛПХ бір өзі нәсіп қылғай

18  
Ассалаумағалейкум мусылман жамағат!!! Мұхамеджан аға сізге Аллах разы болсын!!!

17  
Ассалаумағалейкум Мұхамеджан аға!Алла сізге разы болсын!Осы бір өлеңіңіздің өзі мың өлеңге татиды деп білемін!Осы өлеңнін арқасында қаншама пенделердің санасына,жүрегіне имандылықтың лебізі байқалған шығар.Өйткені әрбір жолдың өзі адамға ой салатын тұңған ғибадат!Сізге алғысым шексіз!

16  
Машаллаһ аға! Аллаһ екі дүниенін хайырын берсін сізге аллах. Барлық мақтау аллахқ тән.. Әр-бір мұсылман сіздей болсын иншаллах.

15  
As salam aleikum ua rahmatullahi ua barakattuh Inshalla alla razi bolsin!!!

14  
mawAllah! jilagim keled osini estisem! inwaAllah tagi bolsa jazip jurin Alla razi bolsin!

13  
Жүрекке бір жағынан қатты тисе, бір жағынан жақын екен Алла Тағала ризалығын берсін. Өте тамаша өлең
.......

1-10 11-20 21-22
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Тамыз 2008  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz