Өзім жайлы (өмірбаян) - 28 Мая 2008 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 2943
Главная » 2008 » Мамыр » 28 » Өзім жайлы (өмірбаян)
Өзім жайлы (өмірбаян)
17:34

 Өмірбаян

Мен, Дүйсенбаев Еркін Әбдімәлікұлы, 1964 жылы 17 қыркүйекте Екпінді елді мекенінде шаруа отбасында дүниеге келдім. 1971 жылы сол ауылдағы сегізжылдық мектептің 1-сыныбына барып, 1979 жылы Сунақата ауылындағы №194 орта мектепте оқуымды ары қарай жалғастырдым. 

1981 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1985 жылы математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.

Өзімнің еңбек жолымды Жаңақорған ауданы Қандөз елді мекеніндегі №240 мектепте физика және математика пәні мұғалімі болып бастадым. 1986 жылы өз ауылымдағы №166 орта мектепке бастауыш сынып, сонан соң математика пәні мұғалімі болып ауысып, 1990 жылдан сол жерде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1992 жылдан  мектеп директоры қызметтерін атқардым.

2002 жылдың қаңтарында Жаңақорған аудандық білім бөліміне инновациялық “Жаңару” орталығына жетекші болып ауысып, сол жылдың қыркүйегінде конкурстық негізінде облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және ақпараттық технологиялар институтына кабинет меңгерушісі болып тағайындалдым. 2006 жылдың қазан айынан бастап, осы облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директорының орынбасары қызметін атқарып келемін.

«Тентек шоқпар жинайды» дегендей, қазір ересектерге арналған ертегілер, шағын әзіл әңгімелер, түрлі тақырыптарда нақыл сөздер және аңыздар желісімен құрылған жұмбақтар, қызықты оқиғалар мен таңғажайып құбылыстар жайында деректер жинап жүрмін. Ойым – жинақтап, кітапша етіп шығару. Өлең-жырды көңіл-күй мен жағдайға байланысты сиректеу жазамын.

Отбасылымын, жұбайым және төрт қызым бар.

 

Просмотров: 12855 | Добавил: erkin | Рейтинг: 3.7/27 |
Всего комментариев: 8
8 Алдараспан   (28.08.2014 18:48)
недеген создер журектен шыгып журекке жеткизеды деп ойлаймын

7 ерасыл   (28.05.2014 12:37)
не аитып кеттіңдер

6 ееееееееерррррррррреееееее   (28.05.2014 12:35)
врки

5 Талғат Досымбаев   (21.01.2011 15:34)
Ереке, сол қызықты, тылсым және жумбак арi тангажайып ангiмелерiнiз болса, жинаган Шымкенттен шыгатын "Тылсым дуние" газетiне жолдап турыныз Менін эл,почтам: Take_dosym@mail.ru

4 Zhomart   (22.09.2009 14:53)
Қымбат екеуің өсіріп отырған қыздарыңның қызғын көре беріңдер.
Берекең берік болсын, шаңырағың биік болсын.
Қайдағы кітпша, КІТАП жаз!

3 Жанар Жұбанова № 33 орта мектеп   (16.09.2009 14:50)
Ойлаған ойыңыз лайымда жүзеге аса берсін!

2 Лаззат Акжигитова   (13.05.2009 11:22)
Қымбат екеуің өсіріп отырған қыздарыңның қызғын көре беріңдер.
Шығармашылық табыс тілеймін. Биіктерден көріне бер!

1 Талғат Нақыпов   (26.03.2009 20:41)
Иә, не то адам, не то нәрсені жинайды

Имя *:
Email:
Код *:
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Мамыр 2008  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2014
Сделать бесплатный сайт с uCoz