Танымдық және тағылымдық төрттағандар - 24 Мая 2008 - Дневник - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » 2008 » Мамыр » 24 » Танымдық және тағылымдық төрттағандар
Танымдық және тағылымдық төрттағандар
09:52

Өмір жайлы төрттағандар:

Ой мен ойын

Болмаса егер ар-ұяттай көгенің,

Мәселе емес ішкенің мен жегенің.

Ойламасаң келер күн мен өткенді

Оңай екен өмір сүру дегенің.

Айыптау мен байыптау

Жайымызды керек болса жалпылау,

Айтар едім бір-ақ ауыз өлеңмен:

Кім кінәлі деген жайды талқылау

Оңай боп тұр не істейміз дегеннен.

Ойлау мен ойнау

Адамдар көп адалмын деп ойлайтын,

Тек құлқыны оңайлықпен тоймайтын

Өмір атты сахнада солар ғой

Нағыз мықты актер болып ойнайтын.

”Керемет” кеңес

Өмір деген мектеп емес, шырағым,

Тіпті қиын, айтар болсам, төтесін.

Нағыз адам атанудың сынағын,

Өмір бойы тапсырумен өтесің.

Даңқ пен дақпырт

Түрлері ұқсас келер жез бен алтынның,

Бірін сүйіп, енді бірін жақрытпа.

Нарқы қымбат болғанмен даңқ-алтынның,

Жұрт көп сенер қоспасы көп дақпыртқа.

 

Заман жайлы төрттағандар:

Бүтін мен жарты

Қай жерде де қауіп болмақ тіпті аздық,

Әр нәрсенің қажеттілік нарқы бар:

Шектен шықса бүтіндерге мұқтаждық

Елді билей бастайды екен жартылар.

Өмірдегі өрескелдіктер

Алған емес, еккеніңе қарайды,

Күзің емес, көктеміңе қарайды.

Заманы емес Абайдың, тек әлі жұрт

Талғам емес, шекпеніңе қарайды.

Нонсенс

Ең жақсы шақ қараған шақ тиынға,

Ең жақсы кез бармайтын кез жиынға.

Бірте-бірте оңайласа жұмысың,

Демалысың айналады қиынға.

Өмір құпиясы

Еңіреумен жасқа толар етегің,

Өмір сырын терең біліп, ұққасын.

Кімнің алыс, кімнің жақын екенін,
Түсінесің пенсияға шыққасын.
Сезім жайлы төрттағандар:

Шынайы сезім

Жігіт қызды машинаға мінгізді,

Сол арқылы өз сезімін білгізді.

Қыз да дереу ғашық болды, онда да

Өзіне емес, астындағы Волгаға

”Экспресс-махаббат”

Бірін-бірі тапқандай іздеп жүріп,

Жұма күні танысып, қол алысты.

Сенбі күні жүріп боп қыз бен жігіт

Белгіледі тойға деп дамалысты.

Қызық пен шыжық

Жігіттермен теңмін деген шешімге,

Келіп, ішті бір туған күн кешінде…

Кім сорлының пайдаланды мұнысын,

Осы жағы қалған жоқ қыз есінде.

Дос пен жар

Қасиетті сезімдердің бәрі ізгі,

Шын мен жалған – алтын мен жез тәрізді.

Тот баспайды махаббат пен достықты

Барлығынан биік қойса парызды.

 

Мінез жайлы төрттағандар:

Ноқалай

Қайратты да, өңі де бар шырайлы,

Әзіл айтсаң, оған қатты ұнайды.

Жұртпен бірге күліп алып соңынан

Сол әзілдің мағынасын сұрайды.

Бақ пен бауыр

Жүгіреді әркімдер өз қамы үшін,

Айнымалы жақының мен алысың.

Керек болса бөгде біреу бауыр боп,

Ісің түссе танымайды танысың.

Сөз бен іс

Адамды арақ жеткізбейді мұратқа,-

Деп мақала жазды, отырып бір апта.

Газет басып, гонорарын алды да,

Бір-ақ күнде ішіп қойды бірақта.

Көмек пен бөгет

Мейлі теріс, мейлі оң деп санаңдар,

Өзімге бір пікір айтар шамам бар:

Өмірдегі ең пайдалы адамдар –

Өзгелерге зияны жоқ адамдар.

 

Просмотров: 934 | Добавил: erkin | Рейтинг: 5.0/3 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь
«  Мамыр 2008  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz